Тартоғай — Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы ауыл, темір жол стансасы, Тартоғай ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Шиелі кентінен солтүстік-батысқа қарай 51 км-дей жерде орналасқан.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 2219 адам (1205 ер адам және 1014 әйел адам) болса, 2009 жылы 1803 адамды (920 ер адам және 883 әйел адам) құрады. 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағы

Тарихы Іргесі 1904 жылы Орынбор-Ташкент темір жолын салуға байланысты қаланған. Тартоғайда темір жолға қызмет көрсететін бірнеше шағын кәсіпорындар мен мекемелер бар. Тартоғай жанынан “Баспақ” каналы өтеді. Тұрғындары бау-бақша өсірумен, мал бағумен айналысады.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том

Ауыл суреттері

Дереккөздер

Санат:Шиелі ауданы елді мекендері Санат:Қазақстан темір жол бекеттері