Даниеле Массаро (; 23 мамыр 1961https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/102480, Монца, Ломбардия) — Италиялық футболшы, шабуылшы. Италия Ұлттық футбол құрамасында ойнаған.
Ұлттық құрамада 1981 жылы тұңғыш рет Италия құрамасы сапында алаңға шықты. 1982 жылғы әлем біріншілігіне барғанымен, бір кездесуде де алаңға шықпады, есесіне әлем чемпионы атанды. 1994 жылғы әлем чемпионатында алты кездесуде алаңға шықты. Финалда Бразилиямен ойынның соң пенальтилер сериясына дейін жетіп, Массаро соққысын дарыта алмады, Италия күміс жүлдені қанағат тұтты. Массаро бұл чемпионаттың топтық кезеңінде Мексиканың қақпасына бір гол соқты, ойын 1:1 есебімен тең аяқталды.
1994 жылғы әлем чемпионатынан соң құрамадағы карьерасын аяқтады.
Жетістіктері
«Милан»
Италия чемпионы: 1988, 1992, 1993, 1994 Италия чемпионатының күміс жүлдегері: 1990, 1991 Италия кубогы: 1990 Италия суперкубогы: 1988, 1992 Чемпиондар лигасы: 1990, 1994 Чемпиондар лигасының финалисі: 1993, 1995 УЕФА Суперкубогы: 1989, 1990, 1994 УЕФА Суперкубогының финалисі: 1993 Құрлықаралық кубок: 1989, 1990 Құрлықаралық кубоктың финалисі: 1993, 1994
Италия
Әлем чемпионы: 1982 Әлем чемпионатының финалисі: 1994
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі мен статистикасы
Санат:Италия футболшылары Санат:Италия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Фиорентина ФК ойыншылары Санат:Милан ФК ойыншылары Санат:Рома ФК ойыншылары Санат:Симидзу С-Палс ФК ойыншылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары