Штефан Ройтер (; 16 қазан 1966 жыл, Динкельсбюль, Бавария, ГФР) — германиялық футболшы, қорғаушы. 1990 жылғы әлем чемпионы.
Мансабы Клубтық 1984 жылы "Нюрнберг" сапында кәсіпқой карьерасын бастады. Төрт маусым ойнап, 100-ден аса кездесуде алаңға шықты. Осы клубта ойнап жүріп 1987 жылы Ұлттық құрамаға шақырту алды.
1988 жылы "Баварияға" ауысып, екі рет Германия чемпионы атанды.
1991 жылы "Ювентуске" ауысып, бір маусымнан соң Германияға оралды, карьерасының қалған бөлігін "Боруссияда" өткізді.
Футболмен қоштасқан соң "Боруссия Дортмунд", "Мюнхен 1860", Аугсбург" клубтарында спорттық директор қызметін атқарды.
Ұлттық құрама 1990 жылы әлем чемпионы, 1996 жылы Еуропа чемпионы атанды.
1998 жылғы әлем чемпионатынан соң құрамадағы карьерасын аяқтады.
Жетістіктері
Германия чемпионы: 1988/89, 1989/90, 1994/95, 1995/96, 2001/02 Әлем чемпионы: 1990 Германия суперкубогы: 1990, 1995, 1996 Еуропа чемпионы: 1996 Чемпиондар Лигасы: 1996/97 Құрлықаралық кубок: 1997
Сілтемелер Профилі
Санат:Нюрнберг ФК ойыншылары Санат:Бавария ФК ойыншылары Санат:Ювентус ФК ойыншылары Санат:Боруссия Дортмунд ФК ойыншылары Санат:Германия футболшылары Санат:Германия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары Санат:Футболдан Еуропа чемпиондары