Пьер Михаэль Литтбарски (; 16 сәуір 1960 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/87902, Батыс Берлин) — германиялық футболшы, футбол жаттықтырушысы, 1990 жылғы әлем чемпионы.

Мансабы Карьерасының басым бөлігін "Кёльн" клубында өткізді (15 маусымдай). 1978 жылы тұңғыш рет кәсіпқой футболшы ретінде алаңға шықты,

1986 жылы Париждің "Расинг" клубына ауысқанымен, бір маусымнан соң туған клубына қайта оралды. "Кёльн" сапында 400-ден аса кездесуде алаңға шығып, 1993 жылы карьерасын Жапония клубтарында жалғастырды.

1997 жылы футбол ойнауды доғарды. 1999 жылы бапкерлік жолын Жапония клубтарын жаттықтырудан бастады.

1982, 1986, 1990 жылдары әлем чемпионатына, 1984, 1988 жылдары Еуропа чемпионатына қатысты.

Жетістіктері

Кёльн

Германия кубогы: 1983

Германия құрамасы

Әлем чемпионы: 1990 Әлем чемпионатының күмііс жүлдегері: 1982, 1986

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі

Санат:Германия футболшылары Санат:Германия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Кельн ФК ойыншылары Санат:Расинг Париж ФК ойыншылары Санат:Германия футбол жаттықтырушылары Санат:Дуйсбург ФК жаттықтырушылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары