Қоңыртау – Жетісу Алатауының солтүстігіндегі Қызылағаш және Бүйен өзендерінің аралығындағы тау.

Географиялық орны Жетісу облысы Ақсу ауданы жерінде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 1554 м (Көкқия асуы маңында). Батыстан шығысқа қарай 44-45 км-ге созылып жатыр, енді жері 9 км-ге. Солтүстік беткейі тік құлама. Ол Балқаш ойысына ұласады.

Геологиялық құрылымы Тектоникалық опрылыстар нәтижесінде пайда болған. Девон жүйесінің әктас, тақтатас, құмтастарынан түзілген.

Өсімдігі Жайпақ тау басында жусан аралас астық тұқымдас шөптесіндер өседі. Қоңыр топырақты баурайында егін алқаптары бар.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Ақсу ауданы таулары