Марек Янкуловский (; 9 мамыр 1977 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/3532, Острава) — чехиялық футболшы, қорғаушы. Карьерасы "Баник" футбол клубының түлегі. Бірақ карьерасының жарқыраған жылдарын Италия клубтарында өткізді. 2000 жылы "Наполиге" ауысып, екі маусым ойнады. 2002-05 жылдары "Удинезеде" ойнап, "Миланға" ауысты. "Милан" сапында көптеген клубтық деңгейдегі жүлделерге қол жеткізді.

2011 жылы "Миланнан" кететінін, тіпті футболмен қоштасатынын да мәлімдеді. Оған тізеден алған ауыр жарақаты себеп болды.

Бірақ футболмен қоштаспады, 2011 жылы қазан айында туған клубы "Баникпен" келісім шарт жасасты. Бірақ алғашқы ойында-ақ жарақат алды да, ұзақ уақыт емделуге тура келді. Ақыры 2012 жылы ақпан айында карьерасын біржола тәмамдады.

Кейін Чехия телеарналарында сарапшы боп жұмыс істеді.

Ұлттық құрама сапында 2000, 2004, 2008 жылдары Еуропа чемпионаттарына, 2006 жылы әлем чемпионатына қатысты.

Жетістіктері

Клубтық

Чемпионлар лигасы: 2006/07 УЕФА суперкубогы: 2007 Италия чемпионы: 2010/11

Халықаралық

Еуропа чемпионатының жартылай финалисі: 2004

Жеке

Чехиядағы жыл футболшысы: 2007 Дереккөздер

Сілтемелер Статистикасы Марек Янкуовский Қоштасу матчын өткізді Санат:Чехия футболшылары Санат:Чехия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Баник Острава ФК ойыншылары Санат:Наполи ФК ойыншылары Санат:Удинезе ФК ойыншылары Санат:Милан ФК ойыншылары