Горан Пандев (; 27 шілде 1983https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/12563, Струмица, Македония Социалистік Республикасы, Югославия) — македониялық футболшы, шабуылшы.
Македонияның бес дүркін үздік футболшысы. Карьерасында көптеген Италия клубтарында ойнаған. 2014 жылы "Галатасарайға" ауысты, бірақ бір жылдан соң Италияға қайта оралып, "Дженоа" футболшысы атанды.
Ұлттық құрама сапында тұңғыш рет 2001 жылы алаңға шықты. 2002 жылы 21 тамызда Мальтамен жолдастық кездесуде тұңғыш голын соқты, бұл кездесуде Македония 5:0 есебімен жеңіске жетті. Содан бері ұлттық құрама сапында 34 голдың авторы атанды. Соңғы рет 2019 жылы 9 қыркүйекте ЕУРО-2020 іріктеуінде сырт алаңда Латвия қақпасына бір гол соқты.
Жетістіктері
Командалық
«Лацио»
Италия кубогы: 2008/09
«Интернационале»
Италия чемпионы: 2010 Италия кубогы: 2009/10, 2010/11 Италия суперкубогы (1): 2010 Чемпиондар лигасы: 2009/10 Клубтар әлем чемпионаты: 2010
«Наполи»
Италия кубогы: 2011/12, 2013/14
Жеке
Македонияның үздік футболшысы (5): 2004, 2006, 2007, 2008, 2010
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі
Санат:Солтүстік Македония футболшылары Санат:Солтүстік Македония Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Интернационале ФК ойыншылары Санат:Специя ФК ойыншылары Санат:Анкона ФК ойыншылары Санат:Лацио ФК ойыншылары Санат:Наполи ФК ойыншылары Санат:Дженоа ФК ойыншылары