Вольфганг Вебер (; 26 маусым 1944http://www.fussballdaten.de/spieler/weberwolfgang/, Кёльн) — германиялық футболшы, қорғаушы. 1966, 70 жылдары әлем чемпионатына қатысқан.
Карьерасы Бүкіл карьерасын "Кельн" сапында өткізіп, үш рет ГФР чемпионы атанды. Клуб сапында 400-ге жуық ресми ойында алаңға шықты.
Ұлттық құрама сапында екі гол соқты, соның бірін 1966 жылғы әлем біріншілігінің финалында Англия қақпасына енгізді. Ойынның 90-минутында 1:2 есебімен Англиядан ұтылып тұрған немістер соңғы шабуылын жасайды, айып добынан соң доп бірнеше рикошеттен соң бірнеше футболшыдан өтіп, Веберге келеді, Вебер таяу жерден қақпаға тебеді. Бірнеше футболшы қақпашымен қоса доптың жолына құлайды, соған қарамастан доп тордан бір-ақ шығады. Есеп теңесіп, ойын қосымша уақыттарға жалғасады, бірақ ГФР 2:4 есебімен ұтылып қалады.
Карьерасын аяқтаған соң біраз уақыт "Вердердің" бас жаттықтырушысы болды.
Жетістіктері
ГФР чемпионы: 1962, 1964, 1978. ГФР чемпионатының күміс жүлдегері: 1963, 1965, 1973. ГФР кубогы: 1968, 1977, 1978. ГФР кубогының финалисі: 1970, 1971, 1973. Әлем чемпионатының күміс жүлдегері: 1966 Әлем чемпионатының қола жүлдегері: 1970
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі
Санат:Германия футболшылары Санат:Кельнде туғандар Санат:Германия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Кельн ФК ойыншылары Санат:Германия футбол жаттықтырушылары Санат:Вердер ФК жаттықтырушылары