Ансумане Фати Виейра (; 31 қазан 2002, Бисау, Гвинея-Бисау) — испаниялық және гвинеялық футболшы, Испания құрамасы мен "Барселона" клубының шабуылшысы.

Карьерасы Барселона 2019 жылғы 25 тамызда Испания Чемпионатында "Реал Бетис" клубына қарсы ойында тұңғыш рет алаңға шықтыОтчёт о матче «Барселона» — «Реал Бетис» . Ол соңғы 78 жылдағы "Барселонаның" ең жас дебютанты болдыYoungest Barça player in 78 years: Real Madrid offered Fati «better conditions». Ол командадағы алғашқы голын 2019 жылдың 31 тамызында "Осасунаға" қарсы матчта соқты.

2019 жылдың 10 желтоқсанында Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің алтыншы турында ол "Интернационалеге" қарсы кездесуде жеңіс голын соқты және осы турнир тарихындағы гол соққан ең жас ойыншы болды.

Жетістіктері Командалық

Барселона Испания чемпионы: 2022/23, 2024/25 Испания кубогы: 2024/25 Испания суперкубогы: 2023, 2025

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі

Санат:Гвинея-Бисау футболшылары Санат:Испания футболшылары Санат:Испания Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Барселона ФК ойыншылары