Рауль Гарсия Эскудеро (; 11 шілде 1986 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/34601, Памплона, Испания) — испаниялық футболшы, шабуылшы.
Мансабы 2004 жылы туған клубы "Осасуна" сапында кәсіби карьерасын бастады. 28 қазанда "Барселонаға" қарсы сырт алаңда тұңғыш рет алаңға шықты. Бұл ойында "Осасуна" 0:3 есебімен ұтылды.
2007 жылы байырғы бапкері Хавьер Агирре ("Осасуна" сапында да бапкері болған) "Атлетико Мадридке" шақырды. Біраз жыл негізгі құрамда ойнады да, клубқа Тиагу Мендеш келген соң алаңға сирек шығатын болды. Соның нәтижесінде 2011/12 жылғы маусымды туған клубы "Осасунада" арендада өткізді.
2015 жылдан бері "Атлетик Бильбаода" ойнап келеді.
Жетістіктері Атлетико Мадрид
Испания чемпионы: 2013/14 Испания кубогы: 2012/13 Испания суперкубогы: 2014 УЕФА Еуропа лигасы: 2009/10 УЕФА суперкубогы (2): 2010, 2012 Чемпиондар лигасының финалисі: 2013/14
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі (www.national-football-teams) Профилі (www.soccerbase.com) http://www.bdfutbol.com/en/j/j2294.html
Санат:Испания футболшылары Санат:Испания Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Осасуна ФК ойыншылары Санат:Атлетико Мадрид ФК ойыншылары Санат:Атлетик Бильбао ФК ойыншылары