Бахаргүл Төлегенқызы (1969, Шәуешек қаласы, Қытай Халық Республикасы) — белгілі коллекционер-этнограф, Қазақстандағы жалғыз түркі халықтарының алтын және күміс антиквар бұйымдары сақталған жеке мұражайдың иесі, қазақтың ұлттық кәдесыйлықтар шығаратын «Әдемі-Ай РІus» компаниясының президенті.

Өмірбаяны Бахаргүл Төлегенқызының балалық шағы Қытай Халық Республикасы, Шәуешек қаласында өтті. Бахаргүлдің қазақтың қолданбалы ұлттық өнеріне деген қызығушылығына анасы өзінің кестелеп тігу және киіз басу сияқты қол өнерімен ықпал етті. Орта мектепті бітіргеннен кейін Бахаргүл Пекин мемлекеттік университетінің «Биология» факультетіне оқуға түседі. Бахаргүл оқу барысында тарих және этнографияға қызығушылық танытып, Қытай антиквариаттық бұйымдары сақталған мұражайларға жиі баратын. Қызығушылығының арқасында қоладан жасалған Қытай мүсіндерін жинайды. 1994 жылы университетті бітіріп, дипломын қолға алып, Қазақстанға алғаш рет жол тартады. Қазақстанда өзінің кандидаттық диссертациясы бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізе отырып, қосымша қолданбалы өнерді зерттеп, ежелгі бұйымдар коллекциясын жинаумен айналысады.

Содан бері Бахаргүл барлық назарын қазақтың қолданбалы өнеріне аударып, жергілікті коллекционерлермен танысады. Ондай жабық ортада тез тіл табысуына оның қазынасы, яғни Қытайдан әкелінген қола және мысыр мүсіндерден тұратын жинағы көмегін тигізеді. Бахаргүл коллекционерлердің сирек кездесетін бұйымдарын тапсырыспен алдыртып, олардың сұраныстарын қанағаттандырады, ал олар өз кезегінде ұлттық күмістен жасалынған зергерлік бұйымдар әлеміне жол ашады. Біртіндеп қазақтың қолданбалы өнер бұйымдары мен күміс әшекейлері коллекциясын топтастыра бастайды. Ол кезде оған 10 антикварлық бұйым ғана кірген.

2000 жылы Бахаргүл «Әдемі-Ай Plus» компаниясын ашады, ал 2002 жылы «Әдемі-Ай» өнер салонын ашып, онда үш жылғы ізденісінің нәтижесінде жинақталған бұйымдарын көрмеге қояды.

«Әдемі-Ай» салонында қазақтың ұлттық кәдесыйлықтары сатылымға шығарылады, олар тақырып бойынша топтастырылған. Қазақстанның тәуелсіздігіне арналған сыйлықтар тарихымыз бен дәстүрлерімізге қатысты. Осылайша, Қазақстан нарығында компания кәдесый өнімдері бойынша көшбасшы болды.

«Әдемі-Ай РІus» компаниясы құрылған кезде, ұқсас сипаттамалары бар кәсіпорындар мен ұйымдар болған жоқ, олар кейінірек пайда болды. Бүгінгі таңда Бахаргүл Төлегенқызы басқаратын компанияның бәсекелік артықшылығы өндіріс көлемінде және металл құю технологиясы бойынша дайындалған кәдесыйлықтар сапасында жатыр.

Бүгінде «Әдемі-Ай» мұражайында көпшілік назарына ұсынылған Бахаргүл Төлегенқызының жинағы Қазақстан мен Орта Азия халықтарының мыңнан астам тұрмыстық заттарын, қолданбалы өнер мен зергерлік бұйымдарын қамтиды. Бұл 15 жыл бойы антиквариат, тұрмыстық заттар және күміс зергерлік бұйымдарды іздестіру мен ұйымдастырудың нәтижесі. Коллекцияда археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде алынған VI-VII ғасырларға жататын сирек кездесетін заттар да бар.Асылбеков А.З. Қазахқстан Республикасында Кімнің Кім екені ө 2011. 2 томдық анықтамалық. Кто есть Кто в Республике Казахстан – 2011. Справочник в 2 томах. ISBN 978-601-278-473-2. Т.2.-1312 бет

Тұрмыста. Күйеуінің есімі – Мұрат, қызы — Әдемі.

Жетістіктері 2010 жылы Қазақстан мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін Мәдениет министрлігі Бахаргүл Төлегенқызына Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері атағын берді. Сол жылы Бахаргүл Төлегенқызы еліміздің 30 атақты әйелдері қатысқан керемет «Қазақстандық әйел – 2010» тележобасының жеңімпазы болды.

2011 жылы «Әдемі-Ай РІus» компаниясы Бахаргүл Төлегенқызының жетекшілігімен VII - ші қысқы Азия ойындарына демеушілік жасап, 15 миллион теңге қаражат бөлді және Қытай, Түркия елдерімен бірге Ақ Азиада ойындарының қатысушылары мен қонақтарына ерекше кәдесыйлықтар жасады. Бахаргүл ханым сувенирлер жасауға еліміздің ең дарынды суретшілері мен сәулетшілерін тартты.

Бахаргүл Төлегенқызы Қазақстанда және бірнеше шет елдерде ұлттық көрмелер ұйымдастырды. Өзінің антикварлық бұйымдар жинағымен Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының 15 жылдығына арналған қазақ қолданбалы өнер шеберлерінің әлем бойынша «Елім-ай» қолданбалы және заманауи өнер көрмесіне қатысты: «Тараз-2000» көрмесі, II Дүниежүзілік қазақтар құрылтайы (Түркістан, 2002 ж.), Кіші қазақ құрылтайы (Швеция, Вестерос 2003 ж.), «Наурыз» көрмесі (Алматы, 2004 ж.), III Дүниежүзілік қазақтар құрылтайы (Астана, 2005 ж.), Кіші қазақ құрылтайы (Германия, Мюнхен, 2007 ж.), «Ғажайып әлем» (Астана, Думан, 2007 ж.), «Ару-2007», «Ару-2008», «Ару-2009», «Ару-2010» халықаралық кәдесыйлық көрмелеріне қатысты.http://viplisting.biz/ru/lichnosti/107-biznes/tolegenkyzy-baxargul.html

Қызмет жолы 2009 жылы Әбілхан Қастеев атындағы мұражай мен Астана қаласындағы мемлекеттік мұражайда «Жүрегімде - Отаным» атты этно-антиквариаттық жеке көрмелерін өткізді. Көрмеге тек зергерлік бұйымдар ғана емес, сонымен бірге көшпелі қазақ халқының тұрмыстық керек-жарақтары, ат әбзелдері, тоқыма киімдер, қылыштар, қалқандар және тағы басқа бұйымдар ұсынылған. 2010 жылы Бахаргүл Төлегенқызы Алматының Орталық мемлекеттік мұражайында «Жүрегімде - Отаным» атты ерекше көрмесін ұйымдастырды.

Бахаргүл суретші, дизайнерлермен бірлесіп жұмыс істеп, Қазақстан нарығына жаңа кәдесыйлардың үлгісін алып келді деуге болады. Қараса көз тоятын әсем дүниелер Арқа төсінде дүркіреп өткен ЕХРО 2017 көрмесінде, Универсиада, 2011 жылы Азияда кезінде, сонымен қатар Қазақ хандығының 550 жылдығына келген қонақтарды таңдай қақтырды.https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/272288-aza-stanny-100-zha-a-esimine-engen-almatyly-k-sipker-sheteldik-nary-a-shy-udy-zhosparlauda

Дереккөздер

Санат:Этнография