Сарыоба – Текелітау тауының оңтүстік-батысындағы аласа тау.
Географиялық орны Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданындағы Жамбыл ауылының оңтүстігінде 5 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 338 м. Енсіз тау оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 3 км-ге созылған, енді жер 1 км. Беткейлері жатық, нашар тілімденген. Тау басы дөңес келген.
Өсімдігі Беткейінің қоңыр, қызғылт қоңыр топырағында селеу, қылқан боз, бетеге, т.б. астық тұқымдас шөптесіндер өскен. Батысы жəне оңтүстігімен Ырғыз өзенінің саласы – Талдысай өзені ағып өтеді.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Әйтеке би ауданы таулары