«Марли және Мен» () — бұл режиссёр Дэвид Френкелдің 2008 жылғы америкалық драма-комедиялық фильм. Әлемдік көрсетілімі 2008 жылғы 25 желтоқсанда болды, ал Қазақстанда бұл фильм 2009 жылғы 12 наурызда жарық көрді.
Сюжет Фильм Джон Гроганның кітабының оқиғасына сүйеніп жасалған. Үйлену тойынан кейін Джон және Дженни Гроган салқын Мичиган штатынан шуақты Флоридаға көшіп келеді. Ол жерде екеуіде газеттің журналисті болып жұмыс жасайды. Екі жұп дүниеге бала әкелу алдын, достарының кеңесімен ит бағуды шешеді. Ондағы мақсаты олар бала бағуға дайынба, жоқпа соны тексергілері келеді. Ал асырап алған иті бір орында тұрмайтын, пайдасынан зияны көп ит болып шығады.
Кітап нұсқасы Марли және Мен үш түрлі кітапта жазылған: Марли: қайталанбас ит - Marley: A Dog Like No Other Жаман ит, Марли! - Bad Dog, Marley! Марлидің Рождествосы - A Very Marley Christmas
Рөлдерде АктёрРөліОуэн УилсонДжон ГроганДженнифер ЭнистонДженнифер ГроганЭрик ДэйнСебастьян ТэннейАлан АркинАрни КлейнКэтлин ТернерМис. КорнблутХейли ХадсонДеббиХейли БэннеттЛиза Натан ГэмблПатрик Гроган (10 жаста)Брюс РобинсонПатрик Гроган (7 жаста)Дилан ГенриПатрик Гроган (3 жаста)Финли ДжейкобсКонор Гроган (8 жаста)Бэн ХиландКонор Гроган (5 жаста)Люси МэрриамКоллин Гроган
Қызықты мәліметтер Басты рөлдегі Марли итін 22 әртүрлі лабрадор тұқымдары ойнады Басты рөлдегі Джон Гроган кейіпкерінің ата-анасын, осы рөлді ойнаған Оуэн Уилсон актерінің шынайы ата-анасы ойнады Басты кейіпкердің атын Джон Гроган деп, осы фильмде қолданылған кітаптың оқиғасының авторының құрметіне берілген Кітаптың авторы Джон Гроган фильмде көрсетілген Марли иті лақап атын ямайкалық Боб Марли атты музыканттың құрметіне қойылған
Марапаттар Жыл Марапат Санат Иегер Нәтиже 2009 BMI Film & TV Awards BMI Film Music Award Теодор Шапиро Kids' Choice Awards Blimp Award Дженнифер Энистон Teen Choice Award Choice Movie: Bromantic Comedy Choice Movie Actress: Comedy Дженнифер Энистон Choice Movie Liplock Оуэн Уилсон & Clyde
Саундтрек Өлең Орындаушы Автор Shiny Happy People R.E.M. Bill Berry, Peter Buck, Mike Mills and Michael Stipe One Love Bob Marley & The Wailers Bob Marley Decepcion Tech-i-L.A Danny Osuna and Sara Traina Rockin' the Suburbs (Over the Hedge Version) Ben Folds Ben Folds Only Wanna Be With You Hootie & the Blowfish Mark Bryan, Darius Rucker, Jim 'Soni' Sonefeld and Dean Felber Cantaloop (Flip Fantasia) Us3 featuring Rahsaan and Gerard Presencer Herbie Hancock, Rahsaan Hakeem Kelly, Melvyn Simpson and Geoffrey Wilkinson Lithium Bruce Lash Kurt Cobain Can We Fix It? Paul K. Joyce Rather Be The Verve Richard Ashcroft Lucky Man The Verve Richard Ashcroft Happy Birthday Mildred J. Hill and Patty S. Hill River Song Dennis Wilson Carl Wilson and Dennis Wilson
Түсім Фильмнің әлемдік жалпы түсімі 247 800 000 АҚШ долларын құрады. Оның ішінде: Америка Құрама Штаттарының үлесі 58,6 %.
Сатылым 20th Century Studios компаниясы Марли және Мен фильмін DVD дискілеріне басуды 2009 жылғы 31 наурызда бастады. Бұл диск үш түрлі дыбыстау форматында болды, үш тілде: түпнұсқа — ағылшынша, французша, испанша. Жалпы осы фильмнің DVD дискілерінің 3 514 154 көшірмесі сатылып, 61 410 000 млн $ табыс әкелді.
Сілтемелер Ресми сайты
Санат:20th Century Fox фильмдері Санат:Иттер туралы фильмдер Санат:АҚШ кинокомедиялары Санат:2008 жылғы комедия фильмдер Санат:Ағылшын тіліндегі фильмдер