Билл Истван Гюнтер Скарсгорд Дұрысы — Скашгод. (; ХФА ; туылды: 9 тамыз 1990, Стокгольм, Швеция) — швед актері.
«Хемлок Гроув» телехикаясында «Роман Годфри» рөлі бойынша, сондай-ақ Стивен Кингтің «Ол» және «Ол 2» романының экранизациясындағы «Пенниуайз» деген сайқымазақтың рөлі бойынша танымал.
Биллдің жеңіл қылилығы бар.https://www.mrporter.com/en-kz/journal/fashion/how-to-be-a-modern-nomad-by-mr-bill-skarsgrd-719856 Егер ол көздің бұлшық етін босаңсытса, оның сол көзі ағып кеткендей көрінеді. Ол бұны фильмде қолдану тамаша болар еді деп ойлады, сондықтан Пенниуайздың көзі барлық таспада әр түрлі жаққа қарайды. Оның үстіне, актер шынымен Пенниуайз сияқты күле алады. Бұл компьютерлік графика емес, және бұл өте қорқынышты және шынайы.https://www.youtube.com/watch?v=scIizw2asro
Өмірбаяны Билл – Швецияның Стокгольм қаласында актер Стеллан Скарсгорд пен дәрігер Мю Скарсгардтың отбасында дүниеге келген.https://www.theguardian.com/culture/2014/jul/20/on-my-radar-bill-skarsgard-hemlock-grovehttp://www.aftonbladet.se/nojesbladet/article13183990.abhttps://web.archive.org/web/20100921055845/http://www.metro.se/2009/03/22/50522/bill-skarsgard-stellan-ar-min-storsta/ Оның жеті бауыры бар: Александр, Густаф, Валтэр (барлығы актер), сондай-ақ Сәм, Эйя, Оссиан және Кольбёрн. Оссиан мен Кольбёрн - Стеллан Скарсгорд пен Мэган Эверетттің некесінен туылған ағайындылар.https://www.expressen.se/noje/skarsgard-barnen-sa-lever-de-i-dag/http://www.hollywoodreporter.com/news/stellan-skarsgard-61-welcomes-baby-365430 Отбасында бәрі ұзын бойлы. Ағайынды Скарсаргродтың орташа бойы 190 см-ден асады.https://screenrant.com/bill-alex-skarsgard-family-trivia/
Мансабы 2011 жылы Билл «Ғарышта сезім болмайды» фильміндегі Саймон басты рөлі үшін «Алтын қоңыз» марапатына ұсынылды.Pehanick, Maggie. https://www.popsugar.com/celebrity/Who-Bill-Skarsgard-43378870 POPSUGAR Celebrity. Retrieved 6 October 2017. 2012 жылы, 21 жасында Еуропалық киноакадемияның Берлин кинофестивалі аясында, «Shooting stars» марапатын жеңіп алды. 2013 жылдан бастап, Билл Netflix компаниясының Хемлок Гроув сериалында Роман Годфри рөлін ойнады. 2014 жылдың сәуірінде Билл "Хеди Слиман" түсірген «Hero» — екі-жылдық ерлер сәні мен мәдениеті журналының мұқабасында пайда болды. Бұл нөмірде, ол өз әкесінен сұхбат алады.https://web.archive.org/web/20140706142037/http://store.hero-magazine.com/product/hero-11-shift-zero-english
Билл «The Divergent Series:Allegiant (2016)» ғылыми-фантастикалық триллерінде Мәттью рөлін ойнады: Бұл оның алғашқы ірі американдық фильмі.https://edmontonjournal.com/Bill+Skarsg%C3%A5rd+portrays+Matthew+Divergent+Series+Allegiant/11792042/story.HTML
2017 жылы «Ол» фильмінде Билл қорқынышты, зұлым Пенниуайзды ойнады, және бұл рөлді 2019 жылы «Ол 2»-де қайталады. Оның рөлін жанкүйерлер де, сыншылар да мақтады.http://www.hollywoodreporter.com/heat-vision/stephen-kings-adaptation-finds-pennywise-898993https://en.m.wikipedia.org/wiki/The_Hollywood_Reporter Билл 2018 жылы «Касл Рок» сериалында әдеттегіден тыс заңды мәселесі бар жас адам ретінде болды.https://variety.com/2017/tv/news/bill-skarsgard-castle-rock-series-hulu-1202490047Variety.com. Retrieved 6 October 2017. Ол сонымен қатар, «Дедпул 2»-де Зайтгайст-ті бейнелеген.http://www.indiewire.com/2018/04/bill-skarsgard-deadpool-2-zeitgeist-first-look-1201958114/Indiewire. Retrieved 2 June 2018.
Жеке өмірі 2015 жылы Билл швед актрисасы Алида Морбергпен кездесіп жүрді. 2018 жылдың қазан айында ерлі-зайыпты қызды болды.https://www.aftonbladet.se/a/WLApEr
Марапаттар мен номинациялар Жыл Еңбек Қауымдастық Дәреже Нәтиже 2011Ғарышта сезім болмайды Алтын қоңыз (марапат) Үздік актер Жас Әртіс Марапаты Халықаралық көркем фильмдегі үздік қойылым - жетекші жас актер 2012 Өзі Берлин кинофестивалі Shooting Stars Award 2017 Ол Қорқыныш Метр Марапаты Екінші дәрежедегі үздік актер Сиэтл Кино сыншылар Марапаты Үздік Зұлым 2018 Ол Сатурн марапаты Екінші дәрежедегі үздік актер MTV Movie & TV Awards Үздік Зұлым Teen Choice Awards Кино Зұлым таңдауы
Дереккөздер
Сілтемелер Билл Скарсгорд Twitter-де Билл Скарсгорд Instagram-да
Санат:Швеция телевидениесі актерлері Санат:Скарсгардтар Санат:Швеция киноактерлері