Дмитрий Петров (; 1958 жылы 16 шілдеде КСРО, Тула облысының Новомосковск қ. дүниеге келген) — ресейлік ілеспе аудармашы, Мәскеу мемлекеттік лингвистика университетінің оқытушысы, 2012 жылдан бастап ресейлік "Культура" телеарнасындағы "Полиглот" реалити-шоуында тележүргізуші-ұстаз .

Өмірбаяны 1975 жылы Морис Торез атындағы Мәскеу мемлекеттік шет тілдер институтына (қазіргі кезде - Мәскеу мемлекеттік лингвистика университеті) оқуға түседі. 2015 жылдың наурыз айындағы дерекке сәйкес Петров осы университетте сабақ береді.

Баспасөзде жарияланған сұхбатында Дмитрий Петровтың 30-дан астам тіл білетіндігі туралы айтылғанЛарина Ю. Многоязычник. Уникальный полиглот Дмитрий Петров начал телепроект и рассказал Юлии Лариной, как учить языки // Огонёк. — № 3 (5212). — 23.01.2012.. Өзінің мәлімдеуі бойынша ол 50 тілде оқи алады, алайда тек 8 тілде жұмыс істейді: ағылшын, француз, итальян, испан, неміс, чех, грек және хинди Гарматина Ю. Педагог и полиглот Дмитрий Петров: Иностранный язык можно выучить в любом возрасте! // АиФ. — 31.10.2012. .

2011 жылы желтоқсанда Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі Тілдер комитетінің тапсырысы бойынша құрылған жаңа «Тілашар ENTER» циклді тележобасының шеңберінде Қазақ тілінн үйренуге арналған ынталандыру курсын өткіздіКазахский язык можно выучить за 2 недели с «Тілашар ENTER». Новости Казахстана. Tengrinews.kz .

2012 жылдың қаңтарынан бастап Д. Петров — «Культура» телеарнасындағы «Полиглот» ағартушылық бағдарламасының тележүргізуші-ұстазы. 2016 жылдың маусымына сәйкес бағдарламаның келесі тілдерді үйрететін сегіз маусымы шықты: ағылшын«Культура»: Полиглот. Английский язык. , италиян«Культура»: Полиглот. Итальянский язык. , француз, испан«Культура»: Полиглот. Испанский язык. , неміс«Культура»: Полиглот. Немецкий язык. , хинди/урду«Культура»: Полиглот. Хинди. , португал«Культура»: Полиглот. Португальский язык. және Қытай«Культура»: Полиглот. Китайский язык. . Бағдарламаның барлық маусымы «Культура» арнасының сайтында ашық жарияланған.

Петров сондай-ақ боғауыз сөздері бар орыс частушкаларының шет тілдеріндегі аудармасының авторыКиеня Н. Полиглот Дмитрий Петров: Килька плавает в томате, ей в томате хорошо // Известия. — 27.06.2007.. Баспасөз мәліметтеріне сәйкес, Дмитрий Петров Михаил Горбачевпен, Борис Ельцинмен, Владимир Путинмен жұмыс істеген .

2019 жылы «Univer» телеарнасында татар тілін үйренуге арналған бірқатар сабақтар өткізді. «Тура сөз» () лекциялар циклінде тілдер тарихы туралы бірқатар аудио кітаптар жазды, «Сөз сиқыры» () және «Әлем тілі» () кітаптарын, ағылшын, неміс, француз, грек және испан тілдерін өз бетімен үйрену оқулықтарын басып шығарды.

Жеке өмірі Үйленген, жұбайы - Анамика Саксена , Үндістан тумасы, аудармашы. Ерлі-зайыптылардың үш баласы бар: ұлдары Демьян мен Илиан және қызы Арина.

Дереккөздер

Әдебиет

Петров Д. Ю., Борейко В. Н. Магия слова. Диалог о языке и языках. — М.: ПрозаиК, 2010. — 208 с. — ISBN 978-5-91631-105-1.

Сілтемелер

Языковые курсы, где Дмитрий Петров преподает лично Центр лингвистики Дмитрия Петрова Как научить полиглота новому языку? Интервью с Д. Ю. Петровым Ведущий шоу «Полиглот» Дмитрий Петров: «Сложности с Гай Германикой? Все мы с её особенностями как-то уживались» Вечерняя Москва, 10 января 2014 Беседы с полиглотом Петровым — 1 Forbes.kz Беседы с полиглотом Петровым — 2 Forbes.kz Галина Ребель. Мастер-класс Полиглота: уроки английского на телеканале «Культура» // Интернет-журнал «Филолог». — Научно-методический, культурно-просветительский ЖУРНАЛ ФГБОУ ВПО «Пермский государственный гуманитарно-педагогический университет», 2012. — Вып. 18. Дмитрий Петров в эфире «Радио Маяк» Дмитрий Петров в эфире радиостанции «Эхо Москвы» Видеоблог Дмитрия Петрова на Youtube

Санат:Ресей аудармашылары Санат:КСРО аудармашылары Санат:Ресей тележүргізушілері