«Зак пен Кодидің Балғын Өмірі» () — америкалық комедиялық телесериал, жастар ситкомы, The Walt Disney Company өндірісі. Өндірушілері Дэнни Каллис және Джим Джоган. Сериал Disney Channel арнасында 18 наурыз, 2005 жыл және 1 қыркүйек, 2008 жыл аралығында көрсетілді.

Сюжет Зак пен Коди он екі жастағы егіздер, олар «Тип-топ» люкс отелінде тұрады. Ол жерде олардың анасы Кэрри ән салады. Олар жиі әртүрлі қиындыққа тап болады. Ол қиындықтан шығуға олардың достары Мэдди, Лондон, Арвин, Эстебан, мистер Мосби, Норман, Патрик, Мюриэль көмектеседі.

Егіздердің түрлері бірдей болғанымен, мінездері әртүрлі. Зак — әзілқой, мектепті ұнатпайды, қу. Коди — момын, сезімтал, үздік оқушы, аңқау.

Рөлдерде АктерРөліСипатыДилан СпраусЗак МартинӘзілқой, қу, өзімшіл, егізіне қарағанда 10 минут бұрын туылды, соны пайдаланып өзін үлкені санайды, Мэддиға ғашық.Коул СпраусКоди МартинМомын, егізіне қарағанда ақылдырақ, егізінен 10 минутқа кіші, аңқау, Закпен әрқашан келіседі, өз ойын айта алмайды.Бренда СонгЛондон Лея Типтоп«Типтоп» отелінің иесі Уилфред Типтоптың жалғыз қызы, бай қыз, отельде өз жеке нөмірі бар, сәнді және әдемі киімдерді жақсы көреді.Эшли ТисдейлМэделин Маргарет Женевьева Миранда Кэтрин «Мэдди» ФицпатрикОтельде тәтті тағамдарды сатушы, ашық, еңбексүйгіш, момын, білімді.Филл Льюисмистер Мэрион МосбиОтельдің менеджері, Зак пен Кодидің жақын досы.Кимберли РодсКэри МартинЗак пен Кодидің жалғызбасты анасы, «Типтоп» отелінде әнші болып жұмыс жасайды.Брайан СтепанекАрвин ХокаузерИнженер, механик, сантехник, оның барлық ойлап тапқан заттары сенімсіз, сынғыш.Патрик БристоуПатрикОтельдің бас официанты, шоудағы ең біртүрлі кейіпкерлердің бірі, Мэддиді жақтыртпайды.

Эпизодтар МаусымЭпизодтар саныТүпнұсқа көрсетілім Маусымның басталуы Маусымның аяқталуы 1 26 18 наурыз, 2005 27 қаңтар, 2006 2 39 3 ақпан, 2006 2 маусым, 2007 3 22 23 маусым, 2007 1 қыркүйек, 2008

Марапаттар мен номинациялар Жыл Марапат Санат Иегер Нәтиже2006Young Hollywood Awards Superstar of Tomorrow Бренда Сонг Role Model Award Бренда Сонг Asian Excellence Awards Outstanding Newcomer Award Бренда Сонг Жас Әртіс Марапаты Best Performance In A TV Series (Comedy or Drama) – Leading Young Actor Коул & Дилан Спраус Эмми Outstanding Choreography Трэвис Пэйн 20072007 Kids' Choice Awards Favorite TV Show Зак пен Кодидің Балғын Өмірі Favorite TV Actor Коул Спраус Жас Әртіс МарапатыBest Performance In A TV Series (Comedy or Drama) – Leading Young Actor Коул Спраус Дилан Спраус Best Performance In A TV Series (Comedy or Drama) – Guest Starring Young Actress Элисон Стоунер Сэмми Ханратти Моне Монико Best Performance In A TV Series (Comedy or Drama) – Recurring Young Actor Чарли Стюарт Best Performance In A TV Series (Comedy or Drama) – Recurring Young Actress Софи Ода Best Family Television Series (Comedy) Зак пен Кодидің Балғын Өмірі Эмми Outstanding Children's Program Зак пен Кодидің Балғын Өмірі 20082008 Kids' Choice Awards Favorite TV Show Зак пен Кодидің Балғын Өмірі Favorite TV Actor Коул Спраус Дилан Спраус 2008 UK Kids' Choice Awards Favorite Kids' TV Show Зак пен Кодидің Балғын Өмірі Favorite Male TV Star Дилан Спраус 2008 Australian Kids' Choice Awards Fave International TV Star Эшли Тисдейл Жас Әртіс МарапатыBest Performance In A TV Series – Recurring Young Actress Сэмми Ханратти Элисон Стоунер Эмми Outstanding Children's Program Зак пен Кодидің Балғын Өмірі 20092009 Kids' Choice Awards Favorite TV Show Зак пен Кодидің Балғын Өмірі Favorite TV Actor Коул Спраус Дилан Спраус Жас Әртіс Марапаты Best Performance in a TV series – Guest Starring Young Actor Хантер Гомез The 10th Annual Crown Awards Best Hairstyle on Television Бренда Сонг

Дереккөздер

Сілтемелер

Санат:АҚШ телесериалдары Санат:Disney Channel телебағдарламалары Санат:Ағылшын тіліндегі телесериалдар