Евгений Валерьевич Алдонин (22 қаңтар 1980 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/15730, Алупка, Украин КСР, КСРО) — ресейлік футболшы, жартылай қорғаушы, футбол жаттықтырушысы.
Евгений Украин КСР-інде дүниеге келген, 1997 жылы "Ротор" клубының жастар академиясына қабылданды. Оның Украина құрамасында ойнауға да мүмкіндігі болды, бірақ Украина құрамасының жетекшілері оған тіпті қызығушылық танытқан жоқ. 2001 жылы Валерий Газзаев Ресей жастар құрамасына шақырды.
2002 жылы 21 тамызда Ресей құрамасы сапында Швецияға қарсы ойында алаңға шықты.
2004 жылғы Еуропа чемпионатына қатысты.
Жетістіктері
Командалық
Ресей чемпионы (2): 2005, 2006. Ресей кубогы (5): 2005, 2006, 2008, 2009, 2011. Ресей суперкубогы (4): 2004, 2006, 2007, 2009. УЕФА кубогы: 2005. Бірінші канал кубогы: 2007.
Жеке
Еңбек сіңірген спорт шебері (2005). 2005 — Достық ордені. Ресей чемпионатындағы үздік 33: 2003
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі мен статистикасы Санат:Ресей футболшылары Санат:Ресей Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Ротор ФК ойыншылары Санат:ЦСКА Мәскеу ФК ойыншылары Санат:Мордовия ФК ойыншылары Санат:Волга Төменгі Новгород ФК ойыншылары Санат:Ресей футбол жаттықтырушылары