Али Алиевич Ибрагимов (11 қаңтар 1963 жылhttps://www.transfermarkt.world/alik-ibragimov/profil/spieler/1100890) — КСРО футболшысы, жартылай қорғаушы.
Мансабы 1989 жылға дейінгі карьерасы белгісіз.
1989 жылы КСРО екінші лигасындағы "Трактор" клубында ойнады. 23 сәуірде алғашқы ойынын "Алғаға" (Бішкек) қарсы өткізді. 12 мамырда "Мелиоратор" (Шымкент) қақпасына "Трактор" сапындағы тұңғыш голын соқты, бұл ойында "Трактор" 4:0 есебімен жеңіске жетті.
Сол жылы шілдеде "Қайратқа" жалға берілді. Қайраттықтар ол кезде КСРО бірінші лигасында ойнайтын. "Қайраттағы" тұңғыш ойынын 14 шілдеде "Геолог" клубына қарсы өткізіп, үзілістен соң алаңға шықты да бір гол соқты, матч 1:1 есебімен тең аяқталды. Маусым соңына дейін "Қайрат" сапында жеті рет алаңға шықты, жетеуінде де ойынға тыңнан қосылып отырды.
1990, 1991 жылғы маусымды КСРО екінші лигасындағы Қарағандының "Шахтерында" өткізді де, сол күйі көрінбей кетті. Соңғы ойынын 1991 жылы 3 қарашада Жызақтың "Согдиана" клубына қарсы өткізді (1:3)
Жетістіктері
Клубтық
КСРО бірінші лигасының қола жүлдегері: 1989 Дереккөздер
Сілтемелер Профилі мен статистикасы
Санат:КСРО футболшылары Санат:Ертіс ФК ойыншылары Санат:Қайрат ФК ойыншылары Санат:Шахтер Қарағанды ФК ойыншылары