Виктория ( ) — Канаданың Британдық Колумбия провинциясының астанасы, Ванкувер аралының оңтүстік шетінде, Канаданың Тынық мұхиты жағалауында орналасқан. Қаланың 85,792 тұрғыны бар, ал Үлкен Виктория Ауданында 367,770 тұрғыны бар. Виктория — Канададағы тығыздығы жағынан 7-ші қала, бір шаршы километрге 4 405.8 тұрғыны бар (11,411/шаршы миль).

Виктория — Батыс Канаданың ең оңтүстік ірі қаласы және Британдық Колумбияның ең ірі қаласы Ванкуверден шамамен 100 км (60 миль) жерде. Қала Вашингтон штатының Сиэтл қаласынан шамамен 100 км (60 миль) қашықтықта орналасқан.

Тарихы Ванкувер аралының оңтүстігіндегі аймақты еуропалықтардың келуіне дейін салишан тілдерінде сөйлейтін тайпалар мекендеген. Бұл жерлерге ақ адамдардың алғашқы рет келуі 1774 жылы болды, ол кезде Хуан Перестің басқаруындағы испандық теңіз экспедициясы бұл аймақты зерттеді. Пересті солтүстікке орыстардың Солтүстік Америкадағы белсенділігіне алаңдаған Жаңа Испания билігі жіберді. 1778 жылы Джеймс Куктың үшінші экспедициясының арқасында ағылшындар бұл жерге алғаш рет аяқ басты.

1841 жылы Орегон шекарасындағы дау-дамай асқынып тұрған кезінде британдық Гудзон Шығанағы Компаниясы компаниясы өзінің қызметкерлерінің бірі Джеймс Дугласты АҚШ-пен қарсыласудағы позициясын нығайтуға үміттеніп, қамалдар мен сауда орындарының желісін құру үшін даулы аймаққа жіберді. Сол жылы Дуглас (Британдық Колумбияның болашақ губернаторы) бүгінгі қала орталығының орнында Форт Викторияның негізін қалады. thumb|right|Форт Виктория, оңтүстік-батыстық бастион, Сара Крис, 1860 ж. 1855 жылғы алтын безгекке дейін Виктория өте баяу дамыды, Британдық Колумбияда алтын кен орындары табылғаннан кейін қала халқы бір аптаның ішінде 300 адамнан 5000 адамға дейін өсті. 1892 жылы бұл елді мекен ресми түрде қала статусын алды. Сол жылдары Виктория экономикасының негізгі тірегі теңіз порты болды. Бұл порт опиумның Солтүстік Америкаға жеткізілуінің негізгі нүктесі болды (опиумды кіргізуге және сатуға тек 1908 жылы шектеу қойылды).

Қала экономикасына ең үлкен соққы 1886 жылы келді, сол кезде Канадалық Тынық мұхиты Теміржолының құрылысы аяқталғаннан кейін жүк тасымалының негізгі бөлігі Ванкуверге көшті. Алайда, тапқыр қала тұрғындары Викторияны негізгі канадалық курортқа айналдыра отырып, жаңа қызмет түріне тез қайта құрылды.

География thumb|150px|Камассия квамаш () 200px|thumb|Католиктік костелдегі неф

Климат

Демография 2011 жылы Викторияның халқы 80,017 адамды құрады. Бейресми түрде Үлкен Виктория деп аталатын он үш муниципалитетті қамтитын Виктория Санақ Метрополиті 344,615 халқы бар және Ванкувер аралындағы қалалық аймақ.

Нәсілдік топтар Канада 2006 санақ Халық саны % жалпы халық санынан Азшылық Қытайлар 3,280 4% Қаралар 1,130 1.4% Оңтүстік Азиялықтар 1,750 2.1% Филиппиндер 1,700 2.1% Латын Америкалықтар 765 0.9% Арабтар 575 0.7% Оңтүстік-шығыс Азиялықтар 720 0.9% Оңтүстік-Батыс Азиялықтар 445 0.5% Корейлер 580 0.7% Жапондар 855 1% Басқа көрінетін азшылық 135 0.2% Көпнәсілді адамдар 445 0.5% Көрінетін азшылықтың жалпы саны 12,370 15.2% Аборигендер Алғашқы ұлттар 2,145 2.6% Метис 1,455 1.8% Инуит 25 0% Аборигендердің жалпы саны 3,780 4.6% Еуропалықтар 65,500 80.2% Жалпы халық 81,650 100%

Дереккөздер

Сілтемелер

Ресми сайт

Санат:Канада провинциялары мен территорияларының астаналары Санат:Британдық Колумбиядағы қалалар