Чириако Сфорца (; 2 наурыз 1970 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/219, Волен, Швейцария) — швейцариялық футболшы, жартылай қорғаушы. Швейцария, Германия, Италия чемпионаттарында доп тепкен. Карьерасын аяқтаған соң бапкерлікпен айналысты. 2020 жылдан бері "Базель" клубының бас жаттықтырушысы.
1994 жылы әлем чемпионатына, 1996 жылы Еуропа чемпионатына қатысты.
Карьерасы 1986 жылы "Грассхоппер" клубында кәсіпқой карьерасын бастады. 1989 жылы "Арау" клубындаа бір маусым ойнап, 1990 жылы туған клубына оралды да, 1993 жылға дейін өнер көрсетті.
1993 жылы "Кайзерслаутернге" ауысты.
1995 жылы Германияның ең мықты клубы "Бавария" футболшысы атанды.
1996/97 жылғы маусымды Италияда "Интерде" өткізді. Бірақ негізгі құрамға толық орныға алмай, бір жылдан соң Германияға қайта оралды да, қайтадан "Кайзерслаутерн" қатарын толықтырды, "Кайзерслаутерн" бұл кезде екінші бундеслигада ойнайтын. 1996/97 жылғы маусымда клуб элитаға қайта оралды да, 1997/98 жылғы маусымда-ақ Германия чемпионатында топ жарды.
2000 жылы екінші рет "Баварияға" ауысты. 2000/01 жылғы маусымдаға табысты жылдан соң (клуб Чемпиондар лигасын, Германия чемпионатын ұтты) Сфорца клубта тағы бір жыл қалды.
2002-06 жылы тағы да "Кайзерслаутернде" ойнады.
Жетістіктері
Грассхопперс
Швейцария чемпионы: 1990/91
Кайзерслаутерн
Германия чемпионы: 1997/98
Бавария
Германия чемпионы: 1997/98, 2000/01 УЕФА кубогы: 1995/96 Чемпиондар лигасы: 2000/01 Құрлықаралық кубок: 2001
Дереккөздер
Сілтемелер
Футболшының ресми сайты
Санат:Швейцария футболшылары Санат:Швейцария Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Грассхопперс ФК ойыншылары Санат:Арау ФК ойыншылары Санат:Кайзерслаутерн ФК ойыншылары Санат:Бавария ФК ойыншылары Санат:Интернационале ФК ойыншылары Санат:Швейцария футбол жаттықтырушылары Санат:Люцерн ФК жаттықтырушылары Санат:Грассхопперс ФК жаттықтырушылары Санат:Тун ФК жаттықтырушылары Санат:Базель ФК жаттықтырушылары