нобай|200px| Junior Eurovision — жыл сайын ұйымдастырылатын балаларға арналған телевизиялық ән байқауы. Оған Еуропалық хабар тарату одағына мүше елдердің өкілдері қатысады.
Қазақстан бұл ән байқауына алғаш рет 2018 жылы қатысты. Содан бері қазақ жас әншілері музыкалық сайысқа үш рет барып қайтқан, екі рет екінші орынды иеленген.
2019 және 2020 жылдары елді таныстыруға таңдалған әндердің авторы Хамит Шанғалиев болды («Арманыңнан қалма» және «Forever» әндері).Junior Eurovision байқауына Қазақстан атынан 12 жасар Қарақат Башанова қатысады — ҚазАқпарат, 26.09.2020
Қатысушылар
Екінші орын
Жыл Жер Әнші Әні Тілі Алған орны Ұпай саны2018 МинскДанэлия Тулешова«Өзіңе сен»қазақша, ағылшынша 6 1712019 ГливицеЕржан Максим«Арманыңнан қалма»қазақша, ағылшынша 2 2272020 ВаршаваҚарақат Башанова«Forever»«Мәңгілікке»қазақша, ағылшынша 2 1522021 ПарижАлинур мен Бекнұр«Ертегі әлемі (Fairy World)»қазақша, французша 8 1212022 ЕреванДавид Чарлин«Жер-Ана (Mother Earth)»қазақша, ағылшынша 15 47
Тарих 2018 жыл 2018 жылы Қазақстан алғаш рет Junior Eurovision ән байқауына қатысты.
Хабар Агенттігі ұлттық іріктеу турына қатысуға өтінімдерді қабылдауды 2018 жылғы 1 тамызда бастады. Өтінімдер 2018 жылдың 31 тамызына дейін қабылдады. Ұлттық іріктеудің ақтық кезеңі 2018 жылдың 22 қыркүйегінде өтті.
№ОрындаушыӨлеңКөрермендердің дауыстарыҚазылар алқасы дауыстарыДауыс сомасыОрын01Зере Амирбекова«Қос қанат»729802Санат Асуат«Yerekshe»8311403Миржан Жидебай«Елестер»81220204Мария Затварницкая«Бақытың мен»6511505Суйкым Кабылбек«Елге сәлем»2131006Жанеля Калдыбек«Әлемді махаббат сақтайды»3710607Ержан Максим«Елімді сүйемін»10818308Динар Надирбекова«Бұл әлем ертегідей»549909Бинура Саудабай«Арнау»4610710Данэлия Тулешова«Өзіңе сен»1210221 Ұлттық іріктеуде жеңіске жеткен Данэлия Тулешова "Өзіңе сен" әнімен, Қазақстанның намысын “Junior Eurovision-2018” ән байқауында қорғады. Данелия Тулешова 171 дауыс жинап, 6 орынға ие болды.
2019 жыл 2019 жылы Қазақстанның намысын Ержан Максим "Арманыңнан қалма" әнімен қорғады. Кәсіби қазылар алқасы мен көрермендердің дауыс беру нәтижесінде Ержан 227 дауыс жинап, 2 орынға ие болды.
Қазақстанның дауыстары (2018-2021)
Дереккөздер
Сілтемелер Байқаудың ресми сайтындағы ел профилі «Хабар» агенттігінің ән байқауына арналған интернет-беті
Қазақстан| Eurovision