Вадим Анатольевич Евтушенко (; 1 қаңтар 1958https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/117381, Пятихатки, Днепропетровск облысы, Украин КСР, КСРО) — КСРО-лық және украиналық футболшы, шабуылшы, футбол жаттықтырушысы.
Карьерасы 1989 жылға дейін "Звезда Кировоград", "Динамо Киев", "Днипро" клубтарында ойнады. Осы аралықта төрт рет КСРО чемпионы атанды, 1986 жылы "Динамо" сапында УЕФА Кубок иелері кубогында топ жарды. Осы турнирдің финалында "Атлетиконың" қақпасына бір гол соқты.
1989 жылы КСРО-да футболшылардың шетелдік клубтарға ауысуына рұқсат берілді де, Швецияның АИК клубымен келісім шарт жасасты. 1992 жылы клуб араға 55 жыл салып Швеция чемпионы атанды.
Кейін тағы швециялық клуб "Сириус Упсалада" доп тепті.
Швецияға орнығып қалған Вадим бапкерлік жолын да Швецияда бастады.
2008 жылы елге оралып, Украина Ұлттық футбол құрамасының бапкері Алексей Михайличенконың көмекшісі қызметіне тағайындалды.
Кейін бірнеше украиналық клубтарды жаттықтырды.
Ұлттық құрамада 1980-87 жылдары КСРО құрамасында ойнады. 1986 жылғы әлем чемпионатына қатысып, бірінші турда Мажарстанның қақпасына пенальтиді соға алмады. Соған қарамастан бұл ойында КСРО 6:0 есебімен жеңіске жетті.
Жетістіктері
Командалық «Динамо» (Киев)
КСРО чемпионы (4): 1980, 1981, 1985, 1986 КСРО кубогы (3): 1982, 1985, 1987 КСРО суперкубогы (3): 1981, 1986, 1987 УЕФА кубок иелері кубогы: 1986 УЕФА суперкубогының финалисі: 1986
«Днепр»
КСРО чемпионы: 1988 КСРО кубогы: 1989
«АИК»
Швеция чемпионы: 1992
Жеке
КСРО чемпионатындағы үздік 33 (2): № 2 (1982), № 3 (1986) Григория Федотов клубының мүшесі: 110 гол Олега Блохин клубының мүшесі: 119 гол "Ерен еңбегі үшін" ордені (2016)
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі
Санат:КСРО футболшылары Санат:Звезда Кировоград ФК ойыншылары Санат:Динамо Киев ФК ойыншылары Санат:Днипро ФК ойыншылары Санат:АИК ФК ойыншылары Санат:КСРО Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Украина футболшылары Санат:Украина футбол жаттықтырушылары Санат:Звезда Кировоград ФК жаттықтырушылары Санат:Ворскла ФК жаттықтырушылары