Алимджон Кяшафович Рафиков (30 сәуір 1962 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/492417, Душанбе) — КСРО-лық және тәжікстандық футболшы, қоғраушы, футбол жаттықтырушысы.
Карьерасы Карьерасын 1983 жылы әскерден оралған соң Қорғантөбенің "Пахтакор" клубында (кейін атауы "Вахш", "Хатлон" боп өзгерді) бастады. 1984 жылы КСРО бірінші лигасындағы "Памир" клубына ауысты.
1986 жылдың басында "Қайраттың" бірнеше белді ойыншылары басқа клубтарға ауысып кетті де, солардың бірінің орнын осы Алимджон басты. "Қайрат" сапындағы тұңғыш ойынын 1986 жылы 16 наурызда "Динамо" (Тбилиси) клубына қарсы өтті. Алматыда көктемгі қалың қар үстінде ойналған ойында есеп ашылмады.
29 наурызда Мәскеудің "Спартагымен" ойында алаңнан қуылды. Жалпы 1986 жылы "Қайрат" сапында 14 кездесуде алаңғаа шықты.
1988 жылы КСРО футбол федерациялары кубогында бірнеше кездесуде алаңға шықты. 1988 жылы 22 қарашада осы турнирдің финалында қайраттықтар сапындағы соңғы ойынын "Нефтчиге" қарсы өткізді.
1989 жылы "Қайрат" бірінші лигада ойнады да, Алимжон бұрынғы клубы, жоғары лигаға қайта оралған "Памирге" ауысты.
Жетістіктері
КСРО футбол федерациялары кубогы: 1988
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі
Санат:КСРО футболшылары Санат:Тәжікстан футболшылары Санат:ЦСКА-Памир ФК ойыншылары Санат:Қайрат ФК ойыншылары Санат:Хатлон ФК ойыншылары Санат:Зенит ФК ойыншылары Санат:Тәжікстан футбол жаттықтырушылары Санат:Истиклол ФК жаттықтырушылары Санат:Тәжікстан Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары