Ла-Плата ойпаты — Оңтүстік Америка жерінде орналасқан Ойпат. Оның алып жатқан аумағына Парагвай, Уругвай, Боливияның оңтүстік-шығысы, Бразилия оңтүстігі және Аргентина солтүстігі жатады.

Ауданы 3 млн км² жерден асады(Амазон ойпатынан кейін Оүтүстік Америка бойынша ауданы жағынан екінші орынды алып жатыр). Солтүстіктен оңтүстікке қарай бағытталады. Көбінесе биіктігі 0-200 м болып табылады. Ойпат Ла-Плат шығанағына жататын Парана және Уругвай өзендері және одан кішігірім өзендер және олырдың ағындары алабынан тұрады. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 2400 км жерді, ал шығыстан батысқа қарай 900 км жерді алып жатыр. Солтүстік және шығыс жақтары құрағтау, биіктеу болып келеді. Солтүстік-батыста шөлді ойпат, Гран-Чакоға, ал оңтүстік шығыста Пампаға өтеді. Солтүстік-шығыста ойпат Бразилия таулы үстіртімен шектелген, ал Парана, Игуасу, Уругвай өзендерімен шектелген жерлерді Аргентина өзенаралығы деп атайды.

Климат аумақтың басым бөлігінде дымқыл, солтүстікте - тропикалық, оңтүстікте - субтропикалық. Ойпат батпақты болып келеді, өзен шөгінділеріненЛа-Плат ойпаты//Үлкен энциклопедиялық сөздік/ Бас. ред. А.М. Прохоров — 1-басылым , 1991. ISBN 5-85270-160-2 қалыптасқан. Солтүстікте(Пантанал) орманды алқаптар, батпақтар(Жердегі ең батпақты жер болып саналады), ал оңтүстікте қылқан жапырақты ормандар, прериялар, жазық далалар. Осы жерде ауыл шаруашылығы жақсы дамыған.

Дереккөздер

Сілтемелер Cuenca del Plata (Испан тілінде)

Санат:Аргентина жер бедері Санат:Боливия географиясы Санат:Бразилия географиясы Санат:Парагвай географиясы Санат:Уругвай географиясы