«1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалі () — 1945 жылы 9 мамырда КСРО Қарулы Күштері төралқасының Жарлығымен құрылған. Медалдың авторлары - суретшілер И. Я. Романов пен И.К. Андрианов.
Медал ережелері «941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалімен марапатталды: Ұлы Отан соғысы майдандарында Қызыл Әскер, Әскери-теңіз күштері және ІІХК әскерлерінің қатарында тікелей қатысқан немесе әскери округтердегі жұмысы арқылы жеңісті қамтамасыз еткен барлық әскери қызметшілер мен өз еркімен қатысушылар құрамасының адамдары; Ұлы Отан соғысы кезінде Қызыл Әскер, Әскери-теңіз күштері және ІІХК әскерлерінің қатарында қызмет еткен, бірақ жарақатына, ауруына немесе жарымжандығына байланысты кеткен, сондай-ақ мемлекеттік және партия ұйымдарының шешімімен әскерден тыс басқа жұмысқа ауыстырылған барлық әскери қызметшілер мен өз еркімен қатысушылар құрамасының адамдары.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1945 жылғы 5 шілдедегі қаулысымен бекітілген медаль туралы ереженің қосымшасына сәйкес, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалімен КСРО ішкі істер халық комиссариаты мен Мемлекеттік қауіпсіздік халық комиссариаты органдарының жеке құрамы да марапатталдыСборник законодательных актов о государственных наградах СССР. — М.: Известия, 1987. — 336 с..
«1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалі кеуденің сол жағына және басқа КСРО медалдары болған жағдайда «Кеңестік Полюс шеңберін қорғағаны үшін» медалінен кейін тұрды.
«1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған адамдар кейіннен мерейтойлық медалдармен марапатталу құқығына ие болды: 1965 жылы — «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 20 жыл» мерейтойлық медалі 1975 жылы — «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 30 жыл» мерейтойлық медалі 1985 жылы — «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 40 жыл» мерейтойлық медалі 1995 жылы — «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 50 жыл» мерейтойлық медалі 2005 жылы — «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 60 жыл» мерейтойлық медалі 2010 жылы — «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл» мерейтойлық медалі 2015 жылы — «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл» мерейтойлық медалі 2020 жылы — «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 75 жыл» мерейтойлық медалі 2025 жылы — «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерейтойлық медалі
Медалдің сипаттамасы thumb|right|100px|Медалдің артқы жағы «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалі жезден жасалып, диаметрі 32 мм шеңбер пішінді болып келеді.
Медалдың бет жағында Кеңес Одағы Маршалының киімін киген, солға қарап тұрған И.В. Сталиннің кейіпі бейнеленген. Жоғарғы жағында айналай бойлай «БІЗДІҢ ІСІМІЗ ДҰРЫС» () деген жазу, ал төменгі жағында айналай бойлай «БІЗ ЖЕҢДІК» () деген жазу жазылған.
Медалдың артқы жағында: айналдыра — «ГЕРМАНИЯНЫ ЖЕҢГЕНІ ҮШІН» (), ортасында — «1941-1945 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНДА» () деген жазулар, төменгі жағында бесбұрышты жұлдызша орналасқан.
Медалдағы бейнелер мен жазулар шығыңқы.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы ені 24 мм жібек қатқыл таспамен тысталған бесбұрышты тағанға жалғанады. Таспада ені бірдей бес кезектесіп тұратын үш қара және екі тоқсары түсті бойлық жолақтар бар. Таспаның шеттері жіңішке тоқсары жолақтармен жиектелген.
Суреттеме
Дереккөздер
Санат:КСРО медалдары