Карл Шефер (; 17 мамыр 1909, Вена — 23 сәуір 1976, Вена) — Аустриялық мәнерлеп сырғанаушы, Қысқы Олимпиада ойындарының екі мәрте чемпионы.
Өмірбаяны Карл Шефер Венада дүниеге келді. Ол 11 жаста болғанда жаттықтырушы Рудольф Куцер оның дарынын байқады. Шефер жан-жақты дамыған адам болды: ол скрипкада жақсы ойнады, брасспен жүзу бойынша Австрия чемпионы болды, тіпті 1928 жылғы жазғы Ойындарға қатысты.
Спорттық мансабы аяқталғасын, 1936 жылы Карл АҚШ-қа көшіп, жаттықтырушы ретінде жұмыс жасайды. 1938 жылы Венада спорт тауарлары қоймасын ашады. 1940 жылы Карл мен Нерта Вотчер (мәнерлеп сырғанау жаттықтырушысы) «Ревю льда Карла Шефера» (Karl-Schäfer-Eisrevue) шоуының негізін қалады. 1943 жылы ол актер ретінде «Der weiße Traum» фильмінде түсті. Екінші Дүниежүзілік соғысынан кейін Энгельманн мұз айдынын қалпына келтіруге ат салысып, жас фигуристтерді жаттықтырды.
1956 мен 1962 жылдар арасында ол мәнерлеп сырғанау бойынша жаттықтырушы жұмысын жасау үшін Америка құрама Штаттарына барды. 1962 жылы ол Венаға оралып, өмірінің соңына дейін сол жерде тұрды. Кіші Эдуард Энгельманның қызына үйленген.
1974 пен 2008 жылдар аралығында Венада жыл сайын Карл Шефер атындағы "Карл Шефер мемориалдары" () турнирі өткізілді.
Спорттық нәтижелері Жарыстары/Жыл 1927 1928 1929 1930 1931 1932 1933 1934 1935 1936 Олимпиадалар 4 1 1 Әлем чемпионаттары 3 2 2 1 1 1 1 1 1 1 Еуропа чемпионаты 3 2 1 1 1 1 1 1 1 1 Аустрия чемпионаттары 2 2 1 1 1 1 1 1 1
Дереккөздер
Санат:Алфавит бойынша мәнерлеп сырғанаушылар Санат:Аустрия мәнерлеп сырғанаушылары Санат:Алфавит бойынша Олимпиада чемпиондары Санат:1932 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының чемпиондары Санат:1936 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының чемпиондары Санат:Аустрия Олимпиада чемпиондары Санат:Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпиондары