BI Group – Қазақстанның ең ірі инвестициялық-құрылыс холдингісі болып есептелетін компания, оның құрамына BI Development, BI Development Almaty, BI Construction & Engineering, BI Infra Construction, Nova City Development, BI Рroperty және BI Clients атты 7 компания кіреді. Сонымен қатар холдингіге корпоративтік университет пен «BI-Жұлдызай» қайырымдылық қоры да кіреді.
ENR Top 250 Global Contractors әлемдегі ең ірі құрылыс компаниялары рейтингісінде 198-орын алады. Forbes Kazakhstan-ның «Қазақстан Республикасының 50 ірі жеке компаниясы - 2019» рейтингісінде BI Group 2018 жылдың қорытындысы бойынша жылдық кірісі 365 миллиард теңгені құрайтын компания ретінде бесінші орынды иеленді.
Штаб-пәтері Астана қаласында.
BI Group-тың 2019 жылы Қазақстандағы жетекші бас мердігер ретінде тапсырыстарына 48% әлеуметтік нысандар, 18% жолдар мен көпірлер, 10% теңіз және мұнай-газ құрылысы саласындағы келісімшарттар, 9% инфрақұрылымдық жобалар, 5% теміржол құрылысын салу келісімшарттары кірді.
Тарихы 1998 жыл – BI Group құрылыс бизнесінің негізін қалаушы «АБК-Құрылыс» компаниясы құрылды; 2001 жыл – BI Group құрылды; 2003 жыл – алғашқы үш тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Компанияда 1000-нан астам адам жұмыс істейді. «BI-Жұлдызай» ерекше қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтендіру үшін корпоративтік қайырымдылық қоры құрылды; 2004 жыл – компания өзінің құрылыс материалдарын өндіруге инвестиция салды. Кәсіпорын негізінде бес камералы профильді пластикалық терезелер шығаратын «АБК-Пласт» және бетон өндіретін «АБК-Бетон» құрылды; 2005 жыл – өндірістік қуаттылығы артты: BI Group 17 нысанда жобалау-құрылыс жұмыстарын жүргізді. Коммерциялық жылжымайтын мүлік құрылысын бастады; 2007 жыл – 20-дан астам тұрғын үй кешені салынды. BI Group компаниясының Астанадағы жылжымайтын мүліктің алғашқы нарығындағы үлесі 18%-ды құрады. «BI Group» АҚ холдинг болып қайта құрылды, оның құрамында құрылыс, өндірістік-өнеркәсіптік, инвестициялық және даму бөлімдері бар; 2009 жыл – компания Самұрық-Қазына қорынан тұрғын үй кешендерін тапсыру үшін несие алды; 2010 жыл – «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің құрылысына қатысты. «Астана - Бурабай» алғашқы қазақстандық автобанды салды; 2011 жыл – «Париж кварталы», «Милан кварталы», «Британдық квартал» клуб типіндегі үйлер салу жобаларын қамтитын премиум-класты тұрғын үйлердің құрылысы басталды. Астанадағы ТМД елдері үшін «Тұлпар-Тальго» жүрдек вагондар шығаратын инновациялық зауыттың құрылысы аяқталды. Тұрғын үй құрылысының жаңа сегменттері игерілді. 2012 жыл – Мәскеу мен Алматыда өкілдіктері ашылды. Транскаспий дәлізі – Бейнеу-Шалқар және Арқалық-Шұбаркөл теміржол желілері құрылысы басталды. BI Group корпоративтік университеті құрылды. «Жетіген-Қорғас» трансұлттық автомобиль жолының торабы - Алтынкөл стансасының құрылысы бойынша жұмыстар аяқталды; 2013 жыл – BI Group - ақша айналымы 1,2 миллиард доллар болатын Қазақстандағы ең ірі құрылыс компаниясы. Компания Astana EXPО-2017 көрмесіне дайындық аясында LEED жүйелерінің біріне сәйкес сертификатталған «Жасыл квартал» инновациялық жобасын салушы болып бекітілді. 2014 жыл – BI Group - Қазақстандағы ENR Top-250 Global Contractors ең ірі құрылыс салушылардың әлемдік рейтингісіне ұсынылған бірінші және жалғыз компания, 189-орын; 2015 жыл – 1,4 млрд. долларлық айналымымен компания ENR Top-250 Global Contractors құрылыс салушыларының әлемдік рейтингісінде 25-орынға көтерілді – 164-орын. Компанияның Астанадағы алғашқы жылжымайтын мүлік нарығындағы үлесі 52%-ға, Қазақстан Республикасының автожол құрылысындағы үлесі - 20%-ға жетті. 2016 жыл – мұнай-газ құрылысы нарығына шықты. BI Group құрамында қазірдің өзінде Қазақстан мен ТМД елдерінде 3 компания, 16 бөлімше, 85-тен астам жоба жүзеге асырылып жатыр. Компания Қазақстан тарихында тұңғыш рет жылына 1 миллион шаршы метр құрылыс салды. Компания Қазақстандағы Ертіс өзені арқылы өтетін ең ұзын көпірдің жобасын жүзеге асырды.
Компанияның BI Construction & Engineering компаниясының мамандары мен күші тартылған Теңіз мұнай кенішін кеңейту бойынша ауқымды жобаларының бірі - Теңізшевройл. Соның ішінде теңізден зауыттың құрылыс алаңына модульдерді жеткізетін ұңғыма суы кіреді.
Сәуір айында BI Group-тың қарапайым тұрғындар үшін қолжетімді тұрғын үй салуға мамандандырылған Nova City компаниясы құрылды. Компанияның алғашқы жобасы – «NOVA Citу» тұрғын үй кешені. Оны «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ мақұлдады, сонымен қатар ТҮҚЖБ қолдады.
Маусым айында жаңа МЖК-Ресей бөлімшесі құрылды, оның көмегімен компания жақында шетел нарығына шығады.
2017 жыл – EPC халықаралық бизнеспен ынтымақтастық, серіктестік орнатылды. Алматыдағы тұрғын үй нарығының көшбасшысы. Компанияның бүкіл тарихында 4 миллион шаршы метр құрылыс салынды. Корпоративтік университет негізінде BI University құрылды. BI Group құрамына 4 компания, 19 бөлімше кіреді. Топтың портфелінде Қазақстан мен ТМД-дағы 115 жоба бар. Корпоративтік-әлеуметтік жауапкершілікке салынған инвестиция - 10 миллион доллар.
Сол кезеңде BI Infra Construction Байкал-Амур (БАМ) және Транссібір магистралі (TСM) сияқты теміржол артерияларының 12 жобасы бойынша құрылыс жұмыстарын жүргізген «Р-Восток» компаниясының ортақ иесі болды.
Тамыз айында BI Group холдингісі 8 айда салынған «Астана ЭКСПО-2017» көрме кешені аумағындағы бесжұлдызды Hilton қонақүйін пайдалануға берді. Оның ресми ашылу салтанатына Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.
2018 жыл – BI Group Астана мен Алматыдағы тұрғын үй нарығында көшбасшы болды. Бір жылдың ішінде 7 мың пәтер салынды. Компанияның бүкіл тарихында 5 миллион шаршы метр тұрғын үй, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым нысандары салынды.
Қаңтар айында холдинг Грузиядағы алғашқы халықаралық жобасы - палеолит дәуірінен тарихи үңгірлерге апаратын жолды аяқтады. Имеретидегі Орпири - Цуцвати - Мгвиме тау жолының жалпы ұзындығы 10 шақырымды құрады.
Компания Қазақстан астанасының 20 жылдығына орай Есіл өзені арқылы жаяу жүргіншілер көпірі «Атырау көпірін», Астана Ботаникалық бағы мен «JETІSÝ» демалыс саябағын салды.
Ресейде, Сауд Арабиясы мен Түркияда компанияның шетелдегі өкілдіктері ашылды. Бизнес-процестер мен өндірісті автоматтандыру басталды. BeInTech цифрлық бөлімі құрылды.
BI University білім беру қызметіне мемлекеттік лицензия алып, кәсіпкерлік білім беру нарығына шықты.
ТМД тарихында алғаш рет Астанада құқықтары BI Group-қа тиесілі BI GROUP IRONMAN 70.3 Astana дүниежүзілік жарыс өтті.
2019 жыл – BI Development компаниясы 740 мың шаршы метр тұрғын үй сатты. Сол кезеңде құрылысшылар Шымкент нарығына шығып, Tamerlan тұрғын үй кешенінің құрылысын бастады.
BI Infra Construction компаниясы 1,7 мың шақырым республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын, көпірлер мен өткелдер, 700 шақырым теміржол салды.
Маусым айында BI Group грекиялық Archirodon компаниясымен серіктестік туралы келісім жасады. Бiрлескен кәсiпорынның негiзгi қызметi Қазақстан, Ресей, Түркiменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжiкстан, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Молдова, Грузия және Украинада мұнай-газ және мұнай-химия салалары, ауыр өнеркәсiп, энергетика, теңіз жобалары, су тазарту қондырғылары мен су тұшытатын қондырғылары жобаларын жүзеге асыру болды.
Қыркүйек айында компания 200 мың шаршы метрге арналған ModeX көлемді блокты үй салу (КБҮС) зауытын іске қосты. Зауыт бір тұрғын үй кешенін салу мерзімін 16 айдан 6 айға дейін қысқартады. Зауыттың әр бөлмесі әрлеу жұмыстары жүргізілетін дайын блок болып табылады. 2020 жылы холдинг еліміздегі ең жаңа технологияларды қолдана отырып, алғашқы үйді пайдалануға беруді жоспарлап отыр.
Қазан айында BI Infra Construction Қостанайда ұшып-қону жолағын пайдалануға берді.
Қараша айында BI Group холдингісі Түркістандағы бірнеше архитектуралық нысандардың құрылысын аяқтады - әкімшілік-іскерлік орталық, «Астана» алаңы және «Алатау» медиаорталығы. Сол айда компания Атыраудағы алғашқы тұрғын үй кешені - Zaman тұрғын үй кешенін пайдалануға берді.
2020 жылдың наурыз айында BI Group холдингісі мен Өзбекстанның жетекші құрылыс компаниясы Murad Buildings NRG бірлескен құрылыс компаниясының құрылғаны туралы хабарлады. Олардың алғашқы жобасы NRG OYBEK «ақылды» тұрғын үй кешені болды, оған 33 миллион доллар инвестиция салынды.
Сәуір айында BI Group Астана қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасын пайдалануға берді, оны салуға 13 күн қажет болды. Коронавирус жұқтырған науқастарға арналған 200 орындық аурухана (оның 20-ы қарқынды терапияға арналған) заманауи биохимиялық зертханалармен, рентген және компьютерлік томография кабинеттерімен жабдықталған.
Негізгі нарықтар – Астана (+ Modex), Алматы, Атырау, Шымкент, Ташкент қалаларында.
S&P BI Group төлем қабілеттілігі рейтингісін B- / B деңгейінде растады, болжам «тұрақты» деңгейге өзгертілді. Стратегияға сәйкес холдинг айналымы 2 миллиард долларға жетіп, әлемдегі ТОП-100 құрылыс компанияларына кіруді көздейді.
Қызметі
BI Group холдингісі құрылыс бизнесінің бас мердігерлік және даму жобалары сияқты екі саласын қамтиды.
Компанияның жүзеге асырылған және жүзеге асырылып жатқан жобалары:
«Қорғас – Шығыс қақпасы» Арнайы экономикалық аймағының құрғақ порты; Шалқар – Бейнеу және Арқалық - Шұбаркөл теміржол желілері; Павлодар облысындағы Ертіс өзені арқылы өтетін көпір; Тұлпар – Тальго жүрдек вагондарын шығаратын зауыт; Балқаш жылу электр стансасы; Қазақстанның облыс орталықтарындағы Назарбаев зияткерлік мектептер желісі. Есіл өзені арқылы өтетін жаяу жүргіншілерге арналған «Атырау көпірі»; Астана Ботаникалық бағы; «JETISÝ» демалыс саябағы; «Turkistan Arena» 7 мың орындық стадионы; Wind Farm Badamsha – Бадамша Жел электр станциясы; Бурабай кентіндегі High School of Burabay iQanat; Астана қ. ModeX жаңа буын зауыты; Түркістан қ. Hampton by Hilton қонақ үйі; Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт клубы.
Қайырымдылық қызметі BI Group холдингісі «BI-Жұлдызай» корпоративтік қорын 2005 жылы құрған. Қор ерекше қажеттіліктері бар балаларға материалдық, әлеуметтік және медициналық көмек көрсетеді.
Қордың жобаларының бірі - «Жұлдызай» медициналық оңалту орталығы. «Жұлдызай» МОО-ның жұмыс істеген 7 жыл ішінде 9762 ерекше қажеттіліктері бар балалар кешенді реабилитациядан өтті, тәлімгерлер 20 285 консультация өткізді, 731 балаға ота жасалды, 500 дәрігер шеберлік сабақтарын оқыды, 110 бала алғашқы қадамдарын жасады және 14 баланың тілі шығып, алғашқы сөздерін айтты.
Қор жыл сайын «Жұлдызай» фестивалін өткізеді, оған 10 жастан 18 жасқа дейінгі ерекше қажеттіліктері бар балалар қатысады. Қазақстанның барлық аймағынан 2019 жылы 7758 өтініш келіп түсті. Халықаралық кезеңге 255 бала қатысты.
Холдингінің ІТ саласындағы өнімдері BI Partners - 30 мыңнан астам серіктес-қолданушы тіркелген веб-портал және мобильді қосымша. Оның көмегімен жалпы сомасы 557 миллиард теңгеге келісімшарттар жасалды. Серіктестер қатарына 250-ден астам мердігер ұйым кірді.
Орталық диспетчерлік жүйе (ОДЖ) - BI Group компаниясының өзі шығарған жеке өнімі, бұл ауыр техника қызметтерін сатып алуға арналған ішкі Uber, компания соның көмегімен соңғы 3-4 жылда тұрғын үй құрылысында көлік және механикаландыруға арналған шығыстарды 30% - ға төмендетуге қол жеткізді. Бұл порталда 400-ден астам жабдық иелері тіркелген және хабарландыруға жедел жауап беру қағидаты бойынша жұмыс істейді.
2020 жылдың қазан айында BI Ecosystem жаңа IT-өнімдері мен экожүйесінің таныстырылымы өткізілді, соның аясында BI Group клиенттеріне арналған қосымша – BIGApp жетілдірілген өнімі ұсынылды. Бағдарлама жаңартылып, пайдаланылуы жеңілдетілді.
Сонымен қатар 2020 жылы жылжымайтын мүлікті сатып алу бойынша мобильді онлайн-сервис - BI Click жобасы іске қосылды.
Дереккөздер
Санат:Астана компаниялары Санат:Қазақстан құрылыс компаниялары