I Ғазы Герей (; 1504—1524) — 1523-1524 жылдары билік еткен Қырым ханы. I Мехмет Герейдің ұлы, І Меңлі Герейдің немересі.

Өмірбаяны 1523 жылдың көктемінде Қырым ханы Мехмет Герей одақтас Ноғай мырзалардың көмегімен Астраханды басып алды. 1523 жылы наурызда Астрахан маңында Ағыш пен Мамай ноғай мырзалары I Мехмет Герей мен оның үлкен ұлы Баһадүр Герей қалғайды бір мезгілде өлтіргеннен кейін ағайынды Ғазы мен Баба Герейлер аздаған мырзалармен Қырымға қашып кеттіО. Гайворонский. Екі құрлық билеушілері, том 1, Киев-Бақшасарай, 2007 ж. 145 б.. Олардың артынан үлкен ноғай әскері түбекке кіріп, Қырым ұлыстарын бүлдіріп, өртеп, жергілікті тұрғындарды тонап, өлтірді. Халық таулар мен бекіністі қалаларға тығылды. Шырын, Барын және Сижеуіт руынан шыққан ірі Қырым мырзалары 12 мың адамнан тұратын әскер жинап, ноғайларға қарсы аттанды, бірақ Орқапы түбіндегі шайқаста жеңіліп қалды. Жеңілген мырзалар түрік гарнизонының қорғауымен Орқапыны паналадыО. Гайворонский. Екі құрлық билеушілері, том 1, Киев-Бақшасарай, 2007 ж. 146 б..

1523 жылдың күзінде, Ноғай ордасы кері қайтқан соң ірі Қырым бейлері марқұм Мехмет Герейдің тірі қалған ұлдарының үлкені Ғазы Герейді жаңа ханы етіп сайлады. Ғазы Герей бауыры Баба Герейді қалғай етіп тағайындады. Алайда, қырымдық бейлер Османлы сұлтанмен таңдаулары жайлы мақұлдаспады. Көп ұзамай Ғазы Герей сұлтанға бет бұрған Меміш Шырын бей бастаған ірі татар бейлерінің қолдауынан айрылды. Шырын бейдің өзі Ыстанбұлға барып, Сүлейменнен Сағадат Герейді Қырымға хан етіп жіберуін өтінедіО. Гайворонский. Екі құрлық билеушілері, том 1, Киев-Бақшасарай, 2007 ж. 154 б..

Османлы сұлтан Сүлеймен Кануни басқа үміткерді таңдағандықтан, Қырым ханы І Ғазы Герей Қырым хандығын алты ай ғана басқарды. Жаңа хан Ыстанбұлда ұзақ уақыт тұрған Ғазының ағасы I Сағадат Герей болды. 1524 жылдың көктемінде Сағадат Герай түрік жаңа шеріктерімен бірге Қырымға келіп, хан тағына отырды.

О.Гайворонскийдің айтуынша, Сағадат Герей Кефеге келіп, онда Ғазымен кездесу кезінде оны өлтіруге бұйрық берген. Ғазы Герейдің бауырлары Баба Герей мен Шобан Герей ханзадалар түрмеге қамалдыО. Гайворонский. Екі құрлық билеушілері, том 1, Киев-Бақшасарай, 2007 ж. 157 б..

Хәлім Герей сұлтанның айтуынша, жаңа Қырым ханы І Сағадат Герей өзінің бұрынғы ізшары әрі інісі Ғазы Герейді қалғай етіп тағайындаған, бірақ үш айдан соң Сағадат Герейдің бұйрығымен Ғазы Герей мен оның бауыры Баба Герей өлтірілген деген болжам барХәлім Герей сұлтан «Хандардың қызғылт гүлзары немесе Қырым тарихы», Ақмешіт, 2008 ж. 35 б..

Дереккөздер

Санат:Қырым хандары Санат:Қырым хандығының қалғайлары