Үлкен Халық () — Қарашай-Шеркес Республикасының Ноғай ауданындағы ауыл.
Құрамындағы жалғыз елді мекен ретінде «Үлкен Халық ауылдық қонысы» муниципалды құрылымын құрайды.
Географиясы Ауыл Ноғай ауданының оңтүстік бөлігінде, Кіші Жіліншік өзенінің сол жағалауында орналасқан. Ол аудан орталығы Еркін Шаһардан оңтүстік-батысқа қарай 9 км және Шеркес қаласынан солтүстік-батысқа қарай 25 км жерде орналасқан.
Батысында Қызыл Тоғай, солтүстігінде Әділ Халық, солтүстік-шығысында Адығ-Хабыл және оңтүстігінде Абазакт елді мекендерімен шектеседі.
Елді мекен республиканың тау бөктерінде орналасқан. Жер бедері - таулы жазық. Текшеде батыстан шығысқа өзен аңғарына қарай жалпы еңіс бар. Ауылдың орташа биіктігі теңіз деңгейінен 476 метрді құрайды. Гидрографиялық желі негізінен Кіші Жіліншік өзенімен ұсынылған.
Климаты қоңыржай. Ауаның орташа жылдық температурасы +10 °С. Ең суық ай — қаңтар (орташа айлық температура -1,5 °С), ал ең жылы — шілде (+21,5 °С). Аяз желтоқсанның басында басталып, сәуірдің басында аяқталады. Жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері жылына 700 мм шамасындай болып келеді. Олардың көп бөлігі мамырдан шілдеге дейінгі кезеңде болады.
Тарихы Қазіргі орнындағы ауыл 1858 жылы құрылып, бастапқыда Тоқтамыс ауылы деп аталған. 1870 жылдардың соңына қарай ауылда 225 түтін тұрды.
1929 жылы Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеті Төралқасының қаулысымен Тоқтамыс ауылы Үлкен Халық болып өзгертілді.
1935 жылдан бастап Үлкен Халық ауылы Үлкен Халық ауданының құрамына кірді, ал 1935-1936 жылдары оның аудан орталығы болды.
1956 жылы Шеркес АО тікелей бағынуға өтті, ал 1957 жылы Адығ-Хабыл ауданына қайтарылды.
2007 жылы ауыл республиканың жаңадан құрылған Ноғай ауданына қосылды.
Тұрғындары 1970 2002 2010 3434↗4202 ↗4353
Ұлттық құрамы 2010 жылғы Бүкілресейлік халық санағы бойынша:
ХалықСаны, адамЖалпы халықтанүлесі, %ноғайлар 4081 93,7 %басқалары 272 6,3 %барлығы 4353 100 %
Шағын аудандары Арсламекей Құмық-кесек Байыс-кесек Бұлғар-кесек Қоңырат-кесек Лаипан-кесек Найман-кесек Қарас-кесек Қайан-Хабле Қара-Жылға Бондыр (Бондаревский ауылының сіңірілуіне байланысты құрылған ауылдың солтүстік бөлігі).
Әйгілі тумалары Құмықов Халмырза Сағатгерейұлы (1913—1943) — Кеңес Одағының батыры.
Дереккөздер
Санат:Қарашай-Шеркес Ноғай ауданының елді мекендері