Операторлар – берілген жүйені сипаттайтын функцияны түрлендірудің математикалық түрлі операцияларын (алгебралық, дифференциалдық, интегралдық, т.б.) жасайтын математикалық өрнек.Қазақ энциклопедиясы, 7 том Қолданылуы Физикада әрбір динамикалық шамаға бір математикалық оператор сәйкестеледі. Операторлардың математикалық жолмен жан-жақты зерттелген түрі – Гильберт кеңістігіндегі сызықтық түрі. Мұндай сызықтық Операторлардың өздік мәні сол оператор сипаттайтын физикалық шаманың өзіне тең, ал оператордың өздік функциясы – зерттеп жатқан жүйені сипаттайтын функциялардың толық жинағы болып табылады. Теориясы Операторлардың өздік функциясы мен өздік мәнін табуға арналған теңдеу – кванттық теорияның басты теңдеуі болып табылады. Осы теңдеудің берілген физикалық құбылысқа арналған түрі сол құбылысты жан-жақты толық сипаттайды деп есептеледі. Ал Операторлардың математикалық дәйекті түрі осы оператор анықтайтын жүйе спектріне сәйкес келетін өздік функцияларды өрнектейтін кеңістіктік координатты таңдап алуға байланысты. Сілтемелер Операторлар теориясы Оператор Кванттық теориялар Дереккөздер
Санат:Физика