Тобыл наменгерлігі — 1782-1796 жж. Сібір аумағындағы әкімшілік-аумақтық бірлік.
Тарихы 1782 ж. 19 қаңтардағы №15327 «Тобыл және Томбы екі облысынан Тобыл Наменгерлігін құру туралы және оларды уездерге бөлу туралы» атаулы қаулысымен таратылған Тобыл шет аймағының аумағынан құрылдыРесей империясы заңдарының толық жинағы. 21 том (1781-1783). 385 б..
1785 жылы Тобыл наменгерлігі екі облыстан: Тобыл және Томбыдан тұрды.
Тобыл облысына 10 уез кіреді: Березов Есіл Қорған Омбы Сургут Тара Тобыл Турин Түмен Яулытура Пелым бейуезді қаласы (Турин уезі) Есіл шебін құрайтын 11 бекініс (Қорған, Есіл және Омбы уездерінің оңтүстік шекарасы) Томбы облысына 6 уез кірді: Ашына Енисей Қайың Нарым Томбы Тұрухан
Тобыл облысында келесі қалалар: Омбы - Омбы бекінісінен, Есіл - Коркина қала жанындағы ауылынан, Қорған - Қорған қала жанындағы ауылынан (Царево Городище қала жанындағы ауылы), Яулытура - Яулытура бекінісінен қайта құрылды.
1796 жылы Тобыл наменгерлігі таратылды. Наменгерліктің аумағы жаңадан құрылған Тобыл губерниясына берілді.
Наменгерліктің жетекшілері Генерал-губернаторлар 1781—1788 — Кашкин Евгений Петрович, генерал-поручик 1789—1796 — Волков Алексей Андреевич, генерал-поручик
Наменгерліктің басшылары Тегі, аты, әкесінің аты Атағы, шені, лауазымы Лауазымды орындау уақыты Осипов Григорий Михайлович генерал-майор 1781—21.09.1783 Желтухин Федор Федорович статтық кеңесші 13.12.1784—18.05.1785 Протопопов Сергей Иванович статтық кеңесші 18.05.1785—15.01.1787 Алябьев Александр Васильевич нақты статтық кеңесші 25.03.1787—1795 Толстой Александр Григорьевич нақты статтық кеңесші 1795—1797
Әдебиет Губерниялық қызметкер немесе генерал-губернаторлардың, басшыларының, билеушінің поручиктерінің, қылмыстық және азаматтық палаталардың төрағалары мен 47 наменгерліктегі (губерниялардағы) ақсүйек көшбасшылардың тізімі. (1777—1796 ж.) / Құрастырған кінәз Н.Түркістанов. — Санкт-Петербург: типография В. В. Нусвальта, 1869 Бұрынғы Тобыл наменгерлігі туралы. 1782—1797 жылдары. Н. А. Абрамов. «Катков пен Ко» университеттік баспахана. Мәскеу. 1869
Дереккөздер
Санат:Сібір тарихы Санат:Ресей империясы наменгерліктері