Жансебіл — 1991 жылы түсірілген режиссер Аяған Шәжімбайдың драмалық көркем фильмі.

Фильм Жүсіпбек Қорғасбектің "Жансебіл" шығармасының желісі бойынша түсірілді.

Сюжеті Мұқатай Абыралының түлегі. 1937 жылғы қуғын сүргінде халық жауы ретінде тұтқындалып, қол-аяғынан бірдей айрылады. Онымен қоса отбасынан (әйелі мен ұлынан) біржола көз жазып қалады. Мүгедек боп қалған оны Маруся деген әйел бағып-қағады.

Жылдар өтеді. Арбаға таңылған Мұқатайды Маруся күн сайын дерлік темір жол вокзалына алып барады. Барады да "Абыралыдан кім бар?" айғай салумен болады. Ондағы ойы — туған елінен біреу міреу келе қалса, өлі-тірісі белгісіз ұлының бір дерегі шығып қала ма деген үміт.

Күндердің күнінде Абыралыдан келген біреу жолығады. Оған ұлына жазған хатты ұсынып, тапсыруын өтінеді. Алайда ол мұның ұлын танымайтын болып шығады.

Әлгі бейтаныс мұның хатын алып, пойызға мінеді. Пойызда серігі екеуі арақ ішіп, бұл мас боп қалады. Анау мұның қалтасын тінтіп, ақша мен хатты тауып алады. Хатты лақтырып жібереді де, ақшаны қалтасына салып тайып тұрады. Осылайша қарттың соңғы үміті де алдайды.

Актерлер

Басты рөлдерде

Мұқатай шал — Қасым Жәкібаев Маруся кемпір — Галина Макарова Жас Мұқатай — Кеңес Нұрланов Жас Маруся — Алла Тараканова Айдауыл бастығы — Виктор Бутаков

Эпизодтарда

Мәкіл Құланбаев Әнуар Боранбаев

Басқа да фактілер Мұқатайдың прототипі — Бейімбет Мәмбетұлы, ұлы Отан соғысының ардагеріhttps://massaget.kz/blogs/14072/.

Дереккөздер

Сілтемелер

Жансебіл тағдырлы режиссер

Санат:1991 жылғы фильмдер Санат:Қазақстан фильмдері Санат:Қазақфильм фильмдері