“Эмиссиялық бағалы шығарылымын тіркеу” – эмиссиялық бағалы қағаздардың есебін жүргізетін уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметі. Тіркеу кезінде осы шығарылымға мемл. тіркеу нөмірі беріледі және оны беру тәртібін мемл. тіркеу органы белгілейді. Мұндай орган құжаттарды қабылдаған күннен бастап 30 күннен кешіктірмей Э. б. қ. ш. т-ге немесе тіркеуден бас тарту туралы уәжделген шешімді қабылдауға міндетті. ҚР аумағында тіркеуші органдардың тізбесін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі белгілейді.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том Дереккөздер
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын тіркеу · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.