Маужыраған терең сай — Вашингтон Ирвингтің классикалық әңгімесі.
Ол алғаш рет Нобайлар кітабында жарияланды және бұл жинақтың ең ұзақ новелласы болып келеді.
Шығарма желісі нобай|солға|Джон Куидор суреті (1858) Оқиға 1790 жылдың шамасында Слипи-Холлоу атты голландиялық қоныста орын алады. Бай фермердің қызы 18 жасар Катринаның жүрегі үшін Коннектикуттан келген ұзын бойлы ырымшыл мұғалім Икабод Крейн және жергілікті бұзақы Авраам «Бром Бонс» Ван Брант таласады. Бір күні фермердің үйінде өткізілген қонағасынан кейін Икабод үйіне қайтар жолда оны басы жоқ салт атты қуа бастайды. Жергілікті аңыздар бойынша, бұның басын Тәуелсіздік үшін соғыста зеңбіректің оғы шауып түсірген, енді ол суық түндері басын іздеуге шығып барады екен.
Сөйтіп, Икабод қаладан қашады. Бұның сырын ешкім түсінбей жүреді. Катрина Бром Бонсқа үйленеді.
Экрандалуы Бұл әңгіменің негізінде бірнеше фильм және телехикая түсірілді. Олардың арасында: Икабод пен мистер Тоадтың басынан кешкендері — Walt Disney мультфильмі (1949) Маужыраған терең сай — Тим Бёртон түсірген фильм (1999) Маужыраған терең сай — телехикая (2013-2017)
Сілтемелер The Legend of Sleepy Hollow
Санат:АҚШ ауыз әдебиеті