Төменшошақ құмы – Нарын құмды алқабының оңтүстігіндегі құм.

Географиялық орны Атырау облысы Құрманғазы ауданы, Ақкөл ауылының солтүстігінде 25-30 км жерде орналасқан.

Жер бедері Ұяшықты енсіз құм төбелердің биіктігі 10-12 м-ге жетеді. Олар теріскен, жүзгін, бұйырғын, құм жусан, т.б. шөптесіндермен бекіген. Құм төбелердің батысын ала шағын Нарын қарағайлы орман (Қарағайлы кыстауы) және тұзды көлдер (Құрман көлі, т.б.) кездеседі. Төменшошақ құмының шығыс шетіңде Жаңа Сазды қыстауы орналасқан. Құмды алқап аумағын даланың қара жолдары кесіп өтеді.Қазақстан табиғаты 5 -том. «Қазақстан энциклопедиясы» Алматы, 2013 ISBN 996978-601-7472-15-3

Дереккөздер

Санат:Атырау облысы құмдары