нобай|Айша Ғалымбаеваның 100-жылдығына орай шыққан тиын «Халық шебері Б. Бәсенова» — қазақ кескіндемешісі Айша Ғалымбаеваның 1958 жылы салған суреті.
Суретте дөңгелек үстелдің алдында отырған, ұлттық киімді киген егде әйел бейнеленген. Бұл — ою-өрнек құрастырудың шебері Б. Бәсенова. Оның алдында сурет салу құралдары және кеселерде ерітілген бояулар тұр. Ол оң қолымен қылқаламды ұстаса, сол қолында өрнектің нобайы салынған қағазы бар. Артқы фонда ою-өрнектермен безендірілген киіз салынған.
2017 жылы шыққан 100-теңгелік тиында Айша Ғалымбаева және оның осы туындысының бейнелері соғылған."Әйгілі адамдар" сериясы — Қазақстан теңге сарайы
Дереккөздер
Сілтемелер 5-ші фотографиядағы сурет
Санат:Айша Ғалымбаева суреттері