Сарыкезең – Қызылқарағай (Листвяга) жотасының оңтүстік бөлігіндегі тау.
Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Бекалқа ауылының солтүстік-шығысында 12 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 1773 м. Оңтүстік-батыстан шығысқа қарай 10 км-ге созылған, енді жері 4 км. Белая жəне Лукин өзендерінің суайрығы. Беткейі тіктеу, бірнеше жоталардан тұрады.
Геологиялық құрылымы Эффузивтік жыныстардан, құмтастардан түзілген.
Өсімдігі Таудың оңтүстік беткейінен басқасын түгелдей дерлік қарағай, қайың орманы көмкерген. Тау етегінде Тоқабай жəне т.б. қыстаулар бар. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Катонқарағай ауданы таулары