Мақтай Рамазанұлы Сағдиев (12 мамыр 1929 жыл, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Өндіріс ауылы - 25 тамыз 2012 жыл, Алматы) – Қазақ Совет Социалистік Республикасына еңбегі сіңген қоғам қайраткері, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының төрағасы (1989—1990).

Арғын тайпасы Атығай руынан шыққан.

Семей мұғалімдер институтын (1949), Талғар ауыл шаруашылық техникумын (1960), Алматы жоғары партия мектебін (1961) бітірген. 1949 – 54 жылдары орта мектепте мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, директор болды. 1955 – 66 жылдары Ленин (қазіргі Есіл) ауданы партия комитетінде нұсқаушы, МТС партия бюросының хатшысы, аудандық партия бюросының хатшысы, кеңшар директоры, 1966 – 71 жылдары Соколов және Жамбыл аудандық партия комитеттерінің 1-хатшысы, 1971 – 80 жылдары Торғай облысы атқару комитеті төрағасының 1-орынбасары, 1980 – 83 жылдары Қазақ КСР-і балық шарушылық министрі, 1983 – 85 жылдары Қостанай облысы атқару комитетінің төрағасы, 1985 – 89 жылдары Көкшетау облысы партия комитетінің 1-хатшысы, 1989 жылы наурыз – 1990 жылы ақпан аралығында Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесі Төралқасының төрағасы, 1990 жылы мамыр – қараша айларында Қазақ КСР-і Президенттік кеңесінің мүшесі, Қазақ КСР-і Президенті жанындағы Азаматтық жөніндегі комиссияның төрағасы қызметтерін атқарды. 1991 жылдан ҚР ардагерлер ұйымы орталық кеңесінің төрағасы. 1999 – 2004 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды. Сағдиев Ленин, 3 рет Еңбек Қызыл Ту, Октябрь Революциясы, “Парасат” ордендерімен, медальдармен марапатталған. Көкшетау, Алматы қалаларының, Есіл ауданының құрметті азаматы.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том

Дереккөздер

Санат:КСРО халық депутаттары Санат:Қазақ КСР халық комиссарлары мен министрлері Санат:Қазақстан КП ОК мүшелері Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 10-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 11-шақырылымының депутаттары Санат:КОКП XXVII съезінің делегаттары Санат:Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің II шақырылымының депутаттары