Сарытау – Мұғалжар тауларының орта тұсындағы оқшау тау. Дәутау тауының шығысында орналасқан.

Географиялық орны Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Бұлақты ауылынан шығысқа қарай 35 км жерде.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 491 м. Тау бойлық бағытта 12 км-ге созылған, енді жері 8 км. Беткейлері көлбеу, сай-жыралармен тілімденген. Айналасында аласа бұйраттар мен қырқалар кездеседі.

Геологиялық құрылымы Жер қыртысы палеозой дəуірінің кварцит, кристалды тақтатастарынан, гнейс, гранит, конгломераттарынан түзілген. Оның бетін неоген жəне төрттік кезеңінің құмтасты-құмдақты жəне əктас шөгінділері жапқан.

Өсімдігі Денудациялық жазықтың нашар дамыған қиырщықтасты бозғылт қоңыр топырағында бұта аралас жусанды-бетегелі қуаң дала ландшафтысы қалыптасқан. Атырабында бірнеше қыстаулар орналасқан.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Мұғалжар ауданы таулары