Қызылтаң – Бетпақдаланың шығысында, Желтау тауларының солтүстік бөлігінде орналасқан оқшау төбе.
Географиялық орны Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Қашқантеңіз темір жол стансанынан батысқа қарай 53 км жерде орналасқан.
Жер бедері Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 3 км-ге созылып жатыр, енді жері 1,5 км. Абсолюттік биіктігі 558 м. Солтүстік және солтүстік-батысында Керментас, Тасбұлақ, шығысында Шақшағайлы құдықтары орналасқан.
Геологиялық құрылымы Палеозойдың эффузивтік шөгінді жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі Қиыршықтасты сұр қоңыр топырақ жамылғысында боз жусан, бұйырғын, баялыш, күйреуік басым өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Мойынқұм ауданы таулары Санат:Төбелер