Махачқала (, , , , , , , , , , , , ) — Ресейдің оңтүстігінде (Кавказда), Каспий теңізінің жағасында орналасқан қала. Дағыстан Республикасының астанасы. Солтүстік Кавказ аймағындағы халық саны бойынша үшінші қала және Солтүстік Кавказ федералды өңіріндегі ең үлкен қала.

Махачкала қаласының қалалық округін құрайды. Миллионға жуық адам тұратын Махачқала-Каспий агломерациясының өзегі болып табылады.

Этимологиясы Қаланың негізі 1844 жылы Петровский бекінісі ретінде қаланды. Бұл атау аңыз бойынша, 1722 жылы парсы жорығы кезінде бұл жер I Петр әскерінің лагері болғандығына байланысты болды. 1857 жылы қала Петровск деп аталды. 1918 жылдың наурызынан сәуіріне дейін, сондай-ақ 1918 жылдың қарашасынан 1920 жылдың наурызына дейін азамат соғысы кезінде большевиктерге қарсы күштердің бақылауында болған қала имам Шәмілдің1918-1919 жылдары Дағыстан газеттері не туралы жазды құрметіне Шәмілқала деп аталды. 1922 жылы Махачқала деп өзгертілді; атауы Дағыстандағы Кеңес өкіметін ұйымдастырушылардың бірі - Магомед Әли (Махач) Дахадаевтың (1882-1918) құрметіне берілген. Бұл атау «Махач» - «Магомед» есімінің қысқартылған түрі, ал қала болса «шаһар, бекініс» деген сөзден шыққан. Тарихы

Ертедегі тарихы Кезінде ғұндар, парсылар, арабтар «Дағыстан дәлізін» иелену үшін күресті. Бұл дәлізді иелену үшін күрес тарихындағы маңызды рөлді қазіргі Махачқаладан жақын жерде орналасқан Тарқы қаласы ойнады. Оны «Таргу» деген атпен алғаш рет VIII ғасырда армян тарихшысы Левонд атап өткен.

Тарқы XV ғасырдан бастап әлемнің ең көне қалаларының бірі Дербент қаласына керуен жолы өтетін сауда орталығы ретінде белгілі. Орта ғасырлардан бастап елді мекен Ынжы (, кейінірек Анжы) деген атпен белгіліМ. И. Артамонов. Хазарлардың ежелгі тарихының очерктері. Л. 1936. Б. 97..

Ресей империясының құрамында 1844 жылы Ынжыарқа таулы адырларында Петровское бекінісі салынды, ол 1722 жылы парсы жорығы кезінде I Петрдің осы жерлерде болғаны жайлы естелік ретінде осылай аталды. 1857 жылы қала мәртебесін алып, Петровск атауын алдыН. И. Воронов, Кавказ туралы статистикалық ақпараттар жинағы, Том I, б. 7.

1870 жылы жасанды айлақ пен порт салынды.

1894-1896 жылдары қала Владикавказ және Бакумен темір жол арқылы байланыстырылды.

Қаланың алғашқы өнеркәсіптік кәсіпорны 1876 жылы салынған сыра зауыты болды. 1878 жылы алғашқы баспахана жұмыс істей бастады. Кейінірек екі темекі фабрикасы салынды.

XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында қаланың қарқынды дамуы басталды. Дондағы Ростов—Баку темір жолы салынды, оның бойымен Петровск-Портқа пойыз қозғалысы ашылды.

thumb|left|200px|XX ғасырдың басындағы Махачқала 1897 жылға қарай қала халқының саны төрт есе өсіп, 8,7 мың адамнан асты.

1900 жылы қаладағы ең ірі кәсіпорын «Каспий мануфактура» акционерлік қоғамының қағаз иіру фабрикасының (кеңес кезінде III Интернационал атындағы фабрика) құрылысы аяқталды.

1914 жылы шағын мұнай өңдеу зауыты салынды. Халық саны өсіп, 24 мың адамнан асты, қала халық саны бойынша да, экономикалық маңызы жағынан да Дағыстан қалаларының арасында бірінші орынға шықты. Темірхан Шора қаласы Дағыстан облысының әкімшілік-саяси орталығы болып қала берді.

1915 жылдың аяғында қаланы таулы Дағыстанмен байланыстыратын Петровск — Темір Хан Шора теміржол желісі іске қосылды.

XIX ғасырдың аяғы — XX ғасырдың басында Петровскіде мұнай өңдеу мен бөшке жасау зауыттары, қағаз иіру және темекі фабрикалары, темір жол шеберханалары салынды.

Петровск қаласында небәрі 4 көше болды – Барятинский (қазіргі Бұйнақ); Приволная (қазіргі Даниялов ← Марков ← Садовая ← Приволная); Собор (қазіргі Манташев ← Оскар ← Октябрьская ← Собор к.) және Инженерная (қазіргі Р. Ғамзатов ← В. И. Ленин ← Комсомольская ← Инженерная). Орталық бөлігіндегі көшелерге тас төселіп, керосин шамдарымен жарықтандырылды. Мұнда шенеуніктер, офицерлер мен дін қызметкерлері, ауқатты азаматтар тұратын тас және кірпіш үйлер болды. Негізгі көшеде – Барятинскийде – 25 орындық «Гуниб» қонақ үйі, бірнеше дүкендер, дәріхана, «Прогресс» кинотеатры, ал қазір Мемлекеттік банк (РФ Орталық банкі) орналасқан жерде, қонақтарға арналған орын болды. Қалған көшелерді аяқ баса алмайтын батпақ басып, жазда шаң, шыбын-шіркей қаптаған болатын. 2004 жылы ғана бұзылған және Малыгин 1 көшесінде орналасқан моншадан, лас су теңізге ағатын арық қазылған. Тіпті қазіргі Үкімет үйі орналасқан собордың жанындағы аумақтың өзі ыбырсыған және қолайсыз аумақ болатын. Қалада үш мың кітап қоры бар бір ғана кітапхана болғанымен, жиырмадан астам ішімдік ішетін орындары болған. Қала сумен қамтылмаған болатын, сондықтан адамдар бөшкелермен су тасыған.

1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін, азамат соғысы жылдарында қала бірнеше рет соғысушы тараптарна қолдан қолға өтіп отырды. 1918 жылы 18 қарашада «ақ» қала басшысы полковник Әбдісалам Магометов қала атауын Шәмілқала деп өзгерту туралы бұйрық шығарды. 1920 жылы наурызда Петровскіде Кеңес өкіметі түпкілікті орнап, онымен бірге қалаға тарихи атауы қайтарылды

Кеңес өкіметі уақыты 1920-жылдардағы карталарда Петровск атауымен бірге Анжы «халық» атауы да көрсетілген.

1921 жылы 14 мамырда Дағыстан революциялық комитетінің №59 бұйрығымен Петровск-Порт қаласы Дағыстан революционері Махач Дахадаевтың (1882-1918) құрметіне Махачқала болып өзгертілді. 1923 жылы 15 желтоқсанда ДАКСР ОАК Президиумы Махачқаланы ДАКСР астанасы деп жариялады.

1930-жылдардың ортасында қалаға Петровск-Кавказ (қазіргі Махачқала-1 ықшам ауданы) қала үлгісіндегі ауыл қосылды.

Құмық халқын көшіртуі және Махачқаланың кеңеюі 1944 жылы 12 сәуірде Тарқы, Кәкұлай және Әлбөрікент тұрғындарын жер аударылған шешендердің жерлеріне көшіру туралы шешім қабылданды. Таулы аймақтардың ұжымшарлары мен Махачқаланың өнеркәсіп кәсіпорындарынан басқа босатылған жердің басым бөлігі Махачқала қалалық кеңесіне (8166 гектардың 6243-і) үлестірілді. 1957 жылы құмық халқы қайтып келген соң ұжымшарлардың жерлері қалпына келтірілмеді, жеке мүліктері де жоғалды, көптеген үйлерді таулы аймақтардан қоныс аударғандар басып алды. Ежелгі қаланың тарихи ескерткіштері жойылып, Махачқала инфрақұрылымының бір бөлігі материалдардан төселдіӘділгерей Гаджиев, Тарих ғылымдарының докторы, Тарқы, Кәқұлай, Әлбөрікент (тарихы, мәселелері, шешімдері), брошюра 1999.

30-80-жылдары Кеңес дәуірінде Дағыстан астанасы қарқынды дамып, 1930-1980 жылдар аралығында халық саны 10 еседен астам өсті, негізгі әлеуметтік инфрақұрылым, заманауи білім беру жүйесі мен базалық өндірістер құрылды. Сумен қамту мәселесі шешілді, ондаған емдеу мекемелері, мәдениет мекемелері салынды, жоғары және орта оқу орындары ашылды. Махачқала қаласының тұрғындарының құрамын қалыптастыруға Дағыстанның барлық халықтары қатысты.

1952 жылға дейін Ұлы кінәз Александр Невскийдің храмы қаланың Орталық алаңының жанында тұрды. Храм 1891 жылы 30 тамызда дәріптелді. 1952 жылы ол Кеңестік Ресейдегі көптеген діни ғимараттар сияқты тағдырға ұшырады — ғибадатхана бұзылды. Қазіргі уақытта оның орнында Дағыстан Республикасының басшысы мен үкіметінің ғимараты орналасқан. thumb|left|200px|Александр Невский соборы

Ұлы Отан соғысы жылдарында 5 махачқалалық Кеңес Одағының Батыры атағын алды.

Соғыстан кейінгі 1950-1970 жылдары қала өмірінің барлық салаларында үлкен өзгерістер болды. 1969 жылдың өзінде Махачқалада 4 жоғары оқу орны болды: (Дағыстан мемлекеттік университеті, ауылшаруашылық (қазіргі — Дағыстан мемлекеттік ауылшаруашылығы университеті), медициналық (қазіргі — Дағыстан мемлекеттік медицина университеті) және педагогикалық (қазіргі Дағыстан мемлекеттік педагогикалық университеті) институттары, 51 жалпы білім беретін мектеп, жалпы қоры 1,4 миллионнан астам кітапты құрайтын ондаған кітапханалар, 20-дан астам кинотеатрлар (көбі кейінірек қайта ұйымдастырылды). Азаматық құрылыс қарқынды дамыды. Ірі өнеркәсіптік нысандар, оның ішінде М.Гаджиев атындағы, «Машиностройтельный» (қазіргі «Авиаагрегат») зауыттары, сепаратор зауыты, «Дагэлектромаш», Прибор жасау, «Шын талшық», радиотауарлар зауыты, «Элтав», III интернационал атындағы, Крупский атындағы фабрикалар, Революция күрескерлері атындағы балық-консерві комбинаты және т.б. орналастырылды.

1960 жылдардың аяғында Махачқалада Тарқытау тауының баурайында тауға көтеретін жол (фуникулер) орнату жоспарланған болатын, бірақ кейін бұл жоба қысқартылды.

1970 жылы 14 мамырда болған жер сілкінісі кезінде Махачқала қатты зардап шекті.

ХХ ғасырдың соңы КСРО-ның ыдырауына, экономикалық реформалардың басталуы мен нарықтық экономикаға өтуіне байланысты Махачқаланың өнеркәсібі, негізінен, әскери-өнеркәсіптік кешеннен түсетін тапсырыстарға бағытталған, қиын жағдайға тап болды. Түрлендіру бағдарламаларын іске асыру мүмкін болмай шықты.

1990 жылдары ұзаққа созылған өндірістік құлдырау кезеңі басталды. Мысалы: 1990 жылға дейін шыны талшық зауыты 3800 адамды жұмыспен қамтамасыз етті, қазір 500-ге де жетпейді. «Эльтав», Приборостроительный, Радиозавод, Дагэлектромаш зауыттары, 3-Интернационал атындағы және Крупский атындағы фабрикалар, балық-консерві комбинаты толығымен істен шығып, жойылды, ал аумағы құрылысқа сатылды. Басқа кәсіпорындармен де солай. 1990 жылдардың аяғында жағдай жақсара бастады. XXI ғасырдың басы өндіріс құрылымындағы елеулі оң өзгерістермен және қаланың өнеркәсіптік әлеуетінің өсуімен сипатталады.

1998 жылы Саит Әміров қала әкімдігінің басшысы болып тағайындалды.

XX ғасырдың аяғында Махачқала уаһһабшылар мен радикалды исламдық ұйымдардың нысанына айналды.

ХХI ғасыр 2013 жылдың маусымында Махачқала әкімшілігінің басшысы Саид Әміровті құқық қорғау органдары қамауға алды. Оның орнына ДМУ ректоры Мұртазали Рабаданов тағайындалды. 2014 жылдың сәуір айында Рабаданов өз қалауымен Махачқала әкімі м.а. қызметінен кетті, ал оның орнына Дағыстан басшысы Рамазан Абдулатипов Магомед Сүлеймановты тағайындады. 2015 жылдың шілде айында Сүлеймановтың орнына Мұса Мұсаев әкім м.а. болды. Махачқала қалалық ассамблеясының депутаттары алаяқтық жасағаны үшін төрт жылға сотталған Дағыстан астанасының әкімі Мұса Мұсаевты мерзімінен бұрын қызметінен босату туралы шешім қабылдады. Бұл туралы 2018 жылғы 27 желтоқсанда әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады. Қаңтар-қараша аралығында Махачқала әкімінің міндетін атқарушы Абусупян Гасанов болды. 2018 жылы 7 қарашада Абусупян Гасанов қала әкімі м.а. лауазымында 40 миллион рубл жымқырды деген күдікпен қамауға алынды. 2018 жылдың 8 қарашасында әкім Абусупян Гасанов қызметінен босатылғаннан кейін 2019 жылдың 31 қаңтарына дейін уақытша Мұрат Әлиев Махачқала әкімінің міндетін атқарушы болды.

2019 жылдың 31 қаңтарында Махачкала қалалық жиналысының депутаттары Дағыстан астанасының жаңа әкімі болып Мәскеудің Басманный ауданы әкімшілігінің бұрынғы басшысы Салман Дадаевты сайлады.

2001, 2002, 2003 және 2011 жылдары Махачқала Росстрой өткізген «Ресейдегі ең жайлы қала» байқауында үздік үштікке енді. 2011 жылғы байқаудың қорытындысын жариялаған Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев Махачқаланың жүлделі орнын «ерекше маңызды» деп атады.

Қазіргі Махачқала thumb|right|330px|Дзержинский көшесінің ортасындағы қала мен Тарқытау тауының көрінісі thumb|right|330px|Шәміл даңғылының түнгі көрінісі Соңғы онжылдықта қала көптеген өзгерістерге ұшырады. Қала бюджеті жылдам қарқынмен өсе бастады. Мысалы, қала бюджетіне салық түсімдері 1997 жылғы 226 миллион рубльден 2005 жылғы 1100 миллион рублге дейін өсті, ал қаланың кірістері соңғы 10 жылда 15 есеге жуық өсті.

Бүкілресейлік «Ресейдегі ең жайлы қала» байқауында 2001 жылы Махачқала 3 орын, 2002 жылы 2 орын, 2003 жылы 1 орынға ие болды. 2012 жылы Махачкала «Ресейдегі ең жайлы қалалық (ауылдық) елді мекен» байқауында 3 орынға ие болды.

Сондай-ақ, соңғы жылдары шаһарда қаланың тарихи бөлігін, кіреберіс күрежолдарын, тіршілікті қамтамасыз ету инфрақұрылымын қалпына келтіру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды. Қаланың саяжолдары, желекжолдары мен жағалаулары, орталық және университет алаңдары қайта жөнделді, балалар ойын-сауық саябағы бар жаңа Ақкөл саябағы төселді. 2002 жылы ұзындығы 514 метр өтпежол салынып, пайдалануға берілді.

Соңғы төрт жылда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 5 еседен астам өсті.