Қызылбастау – Айтау тауларының солтүстік бөлігіндегі тау.
Географиялық орны Жамбыл облысы Шу ауданы Бабасай ауылының солтүстік-батысында 56 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттiк биіктігі 765 м. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 3 км-ге созылған, енді жері 1 км. Солтүстігі мен шығысында Жусандала даласы, солтүстік-батысында Тасбастау, оңтүстігінде Күйелі Қаратау таулары орналасқан.
Географиялық құрылымы Каледон-герциндік тау жаралу процесінде қалыптасқан.
Өсімдігі Тау етегінің саздақты бозғылт топырағында жусан бітік өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Шу ауданы таулары