Қызыладыр – Шақпақ тауларының оңтүстік-батысындағы аласа тау.

Географиялық орны Павлодар облысы Баянауыл және Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандары аралығында орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 530 м. Беткейі сай-жыралармен тілімденген. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 8 км-ге созылған, енді жері 4 км. Солтүстігінде Айдарлы, батысында Қызылжар, шығысында Ертісбай қыстаулары, оңтүстігінде Тыңдала жайлауы бар.

Өсімдігі Тауалдының қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында селеу, қылқан селеу, бетеге, сұлыбас, тал, шілік, итмұрын, т.б. бұталар өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Баянауыл ауданы таулары Санат:Бұқар жырау ауданы таулары