Сәмек – Кеңсаз жəне Тереңбұтақ өзендерінің аралығындағы тау.
Географиялық орны Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы Аралтөбе ауылының солтүстік-батысында 7 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 517 м, салыстырмалы биіктігі 15-20 м. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 2,5 кмге созылған, енді жері 1 км. Беткейі жайпақ, бірте-бірте еңістеніп жонды белеске ұласады. Солтүстігінде Ақжал тауы, оңтүстігінде Жұмырткөл көлі жатыр.
Өсімдігі Ашық қоңыр топырақ жамылғысында қылқан селеу, бетеге, жусан, тобылғы, қараған, т.б. өсімдіктер өседі. Атырабы - мал жайылымы.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Жаңаарқа ауданы таулары