Сигнал – Үбі жəне Иванов жоталары аралығындағы тау.

Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық әкімдігіне қарасты аумақта, Үлбі кентінің солтүстік-батысында 7 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 1048 м. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 4 км-ге созылған, енді жері 2 км. Беткейі тіктеу, оңтүстік жəне шығыс беткейінде таудың түпкі жыныстары шығып жатыр.

Өсімдігі Етегі мен төменгі беткейінде аралас сирек орман ағаштары өскен. Оңтүстігінен Черемшанка – Үлбі автомобиль жолы өтеді.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Риддер қалалық әкімдігі таулары