Семізбұғы – Қараүңгір тауы мен Балқаш көлінің аралығындағы тау.

Географиялық орны Жетісу облысы Алакөл ауданы жерінде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 760 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа қарай доға тəріздес 5 км-ге созылған, енді жері 3 км. Тау бірнеше шоқылардан тұрады.

Өсімдігі Қоңыр, сортаң топырақ жамылғысында жусан, күйреуік, изен, ебелек, қияқ, т.б. өсімдіктер өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Алакөл ауданы таулары