Мырзақадыр Нұрбаев (1909–1961) – қоғам қайраткері, Қазақстаннан шыққан алғашқы заңгерлердің бірі. Қызылқұм өңірінің түлегі. Мәскеудегі Заң академиясын үздік бітірген соң Ресей мемлекеттік Қауіпсіздік органдарында қызмет істеген. 1941 жылы мамыр айынан Қазақстан Жоғарғы Сотының төрағасы, 1943 жылдан Қазақ КСР Заң Халық комиссары, Министрі болған. Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған. Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы
Сілтемелер
Санат:Қазақ КСР министрлері