Адам санасының эволюциясы (кейде Адам интеллектінің эволюциясы ) — бұл адам миының эволюциясымен және тілдің пайда болуымен тығыз байланысты эволюция. Адам эволюциясының хронологиясы шамамен жеті миллион жылды қамтиды, яғни ол 7 млн жыл бұрын Пан тұқымының бөлінуінен басталса, ал шамамен 50 000 жыл бұрын онда әрекет заманауилығы пайда болады. Бұл уақыт кестесінің алғашқы үш миллион жылы Сахелантробына қатысты болса, келесі екі миллион жылы австралопитектерге қатысты болған. Ал соңғы екі миллион жылы палеолит дәуіріндегі Һомо тұқымының тарихын құрайды.
Адамға салыстырғанда онша жетілген болмаса да, эмпатия, сана, жаназа, ритуал және символдар мен құрал-саймандарды пайдалану сияқты адам интеллектінің көптеген қасиеттері Гоминидтерде көрініс таба бастаған.