Қаратас – Тасқарала тауының солтүстік-батысындағы шоқылы тау.
Географиялық орны Қарағанды облысы Нұра ауданы Тікенекті ауылының оңтүстік-щығысында 24 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 532 м. Беткейлері көлбеу, бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. Батысынан Жарабас, шығысынан Сарыөзен өзендері ағып өтеді. Солтүстігінде Ақжар, оңтүстігінде Ақшоқы таулары бар.
Өсімдігі Сортаңды бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында жусан, бетеге, селеу, қоңырбас, итмұрын, тобылғы, қараған, т.б. өсімдіктер өседі. Етегі мал жайылымына қолайлы.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Нұра ауданы таулары