Қарауылшы – Қоңыржал жоталарының солтүстік-шығысындағы оқшауланған шоқылы тау.
Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданы Теректі ауылының солтүстігінде 45 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 503 м. Солтүстік-батыстан оңтүстікке қарай доға тәрізді созылған шоқылы таудың ұзындығы 8 км шамасында. Енді жері 3 км. Солтүстігінде Мешкейсор, шығысында Қарасор көлдері мен Жамалқожа бұлағы, оңтүстігінде Қашамбай, Күшіктамбұлақ бұлақтары орналасқан.
Өсімдігі Қоңыр топырақ жамылғысында қуаң даланың өсімдіктері өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Ұлытау ауданы таулары